IBF Головкинге ультиматум қойды

3.jpg


Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО)  промоутері Том Леффлердің оны әлем чемпионы титулынан айырмау жөніндегі  өтінішіне жауап берді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Геннадий Головкин   Ванес Мартиросянмен айқастан кейін 90 күннің ішінде  IBF санкция жасамайтын  IBF міндетті үміткер Сергей Деревянченкомен кездесуге келісуі тиіс.

IBF ережесі бойынша, егер чемпион санкция жасалмаған жекпе-жекке қатысса, мейлі ол жеңсін немесе жеңілсін оның титулы вакантты деп жарияланады.

Головкин Деревянченкомен 3 тамызға дейін жазбаша түрде кездесуге келісуі керек»,-деген IBF  президенті Дэрил Пиплстің сөзін келтіреді  Yahoo! Sports тілшісі  Крис Мэнникс.

Еске салайық, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен америкалық Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) кездесуі биылғы 5 мамыр күні Карсондағы (АҚШ Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтеді.

24 сәуірде Головкин мен Мартиросян көз арбасу шарасын өткізді.

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) аталмыш жекпе-жек жеңімпазына арналған белбеуді таныстырды.

Головкин америкалық боксшымен айқасқа Сауль Альвареспен жоспарланған реванш жүзеге аспайтын болғаннан кейін келісті. Наурыз айының басында Сауль Альварестен алынған допинг-сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат табылды.

АҚШ-тың Невада штаты Атлетикалық комиссиясының шешімімен мексикалық боксшы алты айға спорттан шеттетілді.

 

Дереккөз: ҚазАқпарат



Сәйкес тақырыптар