Ресей астанасындағы жоғарғы оқу орындарда білім алып жатқан қазақстандық студенттер Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арнайы флешмоб ұйымдастырды, деп хабарайды ҚазАқпарат Ресейдегі Қазақстан елшілігіне сілтеме жасап.
«Біз үшін мемлекеттік рәміздер Қазақстан тәуелсіздігі мен өзгешелігінің аса қадірлі белгісі болып табылады. Шет елде білім алып жатқан қазақстандық студенттер өз орталарында ел мәдениетін, білім әлеуетін, тіпті мемлекет болашағын танытуда. Бүгінгі Мемлекеттік рәміздер күні біз осы жауапкершілігімізді сезініп, мерекелі көңілімізді осылай жиналып білдірдік» - дедi «Жас тұлпар» Ресейдегі қазақстандық студенттердің бірлестігінің басшысы Мұхтар Баймағұлов.
«Мемлекеттік рәміздер әр азаматтың жүрегінде ерекше орын алады. Себебі мемлекет дегеніміз - ол тек аумақ, Қарулы күштер және шекара ғана емес, оның негізгі құрамы біз - ел азаматтары. Бүгінгі қолымыздағы байлығымыз ен алдымен мемлекеттігіміз бар болуының арқасында. Осы мемлекеттігімізді одан әрі нығайтуға тырысуымыз қажет», - дедi ММУ магистранты Болат Керімбек.
Іс-шараны ұйымдастыруға «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы және «Жас тұлпар» Ресейдегі қазақстандық студенттердің бірлестігі қолдау Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің бастамасымен көрсетті.