Қытайдан алған несиенің қайда жұмсалатыны белгілі болды

5.jpeg

Қазақстан Қытай арасында құны 13 миллиард долларға жететін 13 келісімге қол қойылды. Шығыстағы көршіміздің ірі компаниялары елімізге инвестиция құюға құлшынып отыр. Қытайда  мемлекеттік сапармен жүрген Елбасы бүгін олардың әрқайсымен кездесіп, елімізде кәсібін дөңгелетуге кеңес берді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Елбасының жұмыс кестесі бүгін де тығыз. Мемлекеттік сапарының екінші күні Нұрсұлтан Назарбаев, Қытай парламентінің төрағасымен жолықты.  Сондықтан Ли Шаньшумен арадағы кездесу, «Халық тар жиналысы үйінде» өтті. Мұнда алғаш болып сөз алған Шаньшу, қазақ көшбасшысын қытайлықтар қалай атайтынын айтты. 

ЛИ ШАНЬШУ: ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

-Біз сізді өзара "жолдас Әбішұлы" деп атаймыз. Өйткені,  Қытайда бір-бірімізді құрмет ретінде  осылай шақырамыз. Екі ел басшыларының достығы арқасында қарым- қатынасымыз  бұдан да жақсаратынына сенемін. 

Қарым-қатынастың дамуына Қазақстан да мүдделі. Бірақ, қарым-қатынасты жандандыру үшін ең алдымен әлемде тұрақтылық керек. Әсіресе, ірі державалар арасында. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

-Учитывая внешние ссоры, когда в мире глобальная система рушится и интеграция слабеет, согласия между великими державами нет, выполнение поставленных задач будет сложным как вне, так и внутри.  За короткое время решить те задачи, которые поставлены, невозможно. Стране нужна стабильность. 

Ресми кездесулер аяқталған соң, Назарбаев волгага ұқсас, қытайдың  қара түсті көлігіне мінді. Елге инвестиция тарту жайын сөз етті. Сол мақсатпен тасы өрге домалаған Қытайдың алпауыт бизнесмендерімен жолықты. Осы жерде Қытай даму банкі мен «Си ЭнПиСи», «Chaina General», «Chaina Petrolium» секілді компаниялардың басшылары, Қазақстанға миллиардтап қаржы құйуға дайын екендігін білдірді. Әсіресе, мұнай-газ,телекоммуникация, көлік, авиация мен ауыл шаруашылығы саласына. Елбасы Қазақ еліне капитал әкелетін кез-келген инвесторға қолайлы жағдай жасалатынын айтты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

-Казахстан сегодня это новая возможность. Страна имеет большой потенциал для ведения выгодного бизнеса. Во первых на постоянной основе ведется работы по улучшению инвестиционного климата, легализуется законодательство в сфере предпринимательство. 

Бұдан соң, елімізге инвестиция құйып, мол пайда табуды көздеген кәсіпкерлер тіптен құлшынып кетті. Келіссөз барысында құны 13 миллиард доллардан асатын 40-тан астам коммерциялық құжат бекітілді. Қазақстан да қарап қалмады. Шығыстағы көршісіне ет пен астық экспортын арттыруға келісті. Әрі еліміз Қытайдан біздің ақшаға шаққанда 118 миллиард теңгені құрайтын несие алғалы жатыр. 20 жылда кері қайтарылуы тиіс қомақты қаржы, шекара бекеттерін жаңартуға жұмсалмақ.

 -Осымен Елбасының Бейжіңде екі күнге жалғасқан сапары тәмам. Табысты келісім, уағдаластықтар жетерлік. Енді ертең президент Синдао қаласына жол тартады. Онда Нұрсұлтан Назарбаев Шаңхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. Сегіз мемлекеттің басшысы бас қосатын жиында әлемдегі өзекті мәселелер мен оны шешу жолдары сөз болмақ.



Ұқсас тақырыптар