Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер дайындайтын арнайы бағдарлама қолға алынады

3.jpg

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік кызметкерлерді дайындайтын «Жаңа формацияның басшысы» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

«Мемлекеттік басқару академиясы «Назарбаев университетімен» бірлесе отырып, «Жаңа формацияның басшысы» бағдарламасын әзірлеуі тиіс. Бұл басшылық лауазымына дайындайтын арнайы курс. Осы курстан өтпей тағайындалмасын», — деді Нұрсұлтан Назарбаев жұма күнгі Астанада өткен Қазақстан халқына Жолдауы кезінде.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша заманауи мемлекеттік аппарат жаңа уақыттың жағдайына сәйкес болып, мемлекеттік қызметкер жұмысының сапасы оның жаңа стилі мен қағидасына айналуы тиіс.

«Жаңа формациядағы қызметкер мемлекет пен қоғамның арасындағы қашықтықты азайтуы тиіс. Осы сөзімнің мағынасын түсініп алыңдар. Қарапайым адамдарға жақын болу. Ол үшін әрдайым кері байланыста болу керек. Адамдарға саясатты, нақты шаралар мен нәтижелерді түсіндірп отыру керек», — деді мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, мемлекеттік қызметке өз ісінің мамандарын, үздік шетелдік компанияларда тәжірибе жинаған және үздік жоғары оқу орындарында оқыған қызметкерлерді тарту керек.

Дереккөз: 7kun.kz



Ұқсас тақырыптар