Тәтішев өлімі: Прокурор Әблязовты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

3.jpg

Бүгін Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Мұхтар Әблязовке қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзі өтті.

Жарыссөзде бірінші болып сөз алған мемлекеттік айыптаушы А.Нұрлыбаев қылмыс орын алған оқиғаны кезекті рет бастан-аяқ баяндап шықты.

Іске қатысқан екінші прокурор Ілияс Есқалиев Тәтішевтің өлімінен кейінгі Мұхтар Әблязов пен Мұратхан Тоқмади арасындағы қарым-қатынас және олардың іс-әрекетіне тоқталды.

«Айыптаушы тарап Мұхтар Әблязовты 1997 жылғы редакциядағы Қылмыстық кодекстің 28-баптың 3-бөлігімен, 96-баптың 2-бөлігінің ж, з тармақтарымен қарастырылған қылмыс бойынша айыпты деп танып, оеы өмір бойына, бас бостандығынан айыруды, 235-бабының 4-бөлігімен, 176-бабының 3-бөлігінің а, б тармақтарымен, 24-бабының 3-бөлігімен, 193-бабының 3-бөлігінің б, в тармақтарымен, 220-бабының 1, 228-бабы бойынша тағайындалған Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының 2017 жылдың 7 шілдесіндегі үкімі бойынша жазаны біріктіру арқылы оған өмір бойыа, бас бостандығынан айыру жазасы туралы үкім шығаруды сұрайды», - деді прокурор Есқалиев.

Ал Тәтішевтің қорғаушысы Яворский әділ шешім шығаруды сұрап, жаза мерзімін тағайындауды төрелік етуші соттың қарауына қалдыратынын айтты.

Аталған сот отырысына судья Кенжеғали Кенжебеков төрелік етуде. Судья айыпталуға, қатысты үкімді, жариялау, бойынша, сот отырысы 27 қарашада өтетінін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, Ержан Тәтішев 2004 жылы аңшылықта жүргенде оқ тиіп өлген. Сол кезде мұны сот "жазатайым оқиға" деп танып, банкирдің жанында бірге болған кәсіпкер Мұратхан Тоқмадиді бір жылға соттаған. Бірақ 2017 жылы іс қайта қаралып, Мұратхан Тоқмади "Тәтішевті "ТұранӘлем" банкін иеленуді көздеген Мұхтар Әблязовтің тапсырысымен өлтірдім" деген. Сот оны 2018 жылы он жарым жылға соттады.

Қазақстан бас прокуратурасы 4 сәуірде Мұхтар Әблязовтің үстінен "банкир Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырды" деген айыппен қылмыстық іс қозғаған.

Қазір Әблязовке қатысты қылмыстық іс Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Айыпталушы бірде-бір сот отырысына қатысқан жоқ.

Baq.kz



Ұқсас тақырыптар