ҚХР Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті Қытайда геномы өңделген бала туу бойынша тергеу жүргізеді. Бұл туралы CGTN – Қытай телевизиялық жаһандық желісі хабарлады.
Бұған дейін шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берген қытай ғалымы Хэ Цзянькуй өмірге «генетикалық тұрғыда өңделген» сәбилер келгені туралы айтқан болатын. Ғалымның айтуынша, ол ВИЧ вирусына төзімділігі бар етіп өңдеуге тырысқан егіздер өмірге келді. Әзірге бұл туралы нақты дәлел жоқ.
ҚХР Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті тергеу амалдары заңға және ғылыми принциптерге сәйкес жүргізілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, тергеу барысы мен нəтижелері туралы халыққа хабардар етіп тұруға дайын екендерін де айтты.
Ғалым жұмыс істейтін Шэньчжэндегі университет Хэ Цзянькуйдің ғылыми тәжірибесі туралы ақпаратты естіп таң қалғандарын және бұл этикалық норманы өрескел бұзу болып саналатынын айтты. Оқу орны Хэ Цзянькуй университет басшылары мен биологиялық факультетке ғылыми тәжірибе жасап жатқандары туралы хабардар етпегенін мәлімдеді.
Baq.kz