Қорғаныс министрлігінде кеңейтілген Алқа отырысы өтті

img_5742_21966.jpg

Астанада ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың басшылық етуімен Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген Алқа отырысы өтті.

Алқа отырысына ҚР Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Азамат Әбдімомынов, ҚР Бас әскери прокуроры Дастан Сартаев, Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамы, Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары, өңірлік қолбасшылық әскерлері мен әскер тектерінің қолбасшылары және олардың орынбасарлары, әскери оқу орындарының бастықтары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің бастықтары, құрамалардың, әскери бөлімдердің командирлері, сержанттар құрамы, Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары қатысты.

img_5742_21967.jpg

Отырыс барысында жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінің, Қарулы Күштері әскери (мекемелерінің) диверсияға қарсы қауіпсіздігі, әскерлердің материалдық-техникалық және пәтер пайдалануды қамтамасыз ету жай-күйінің мәселелері талқыланды. Одан басқа, Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, әскери тәртіп пен құқық тәртібінің, әскери-патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылу қорытындысы шығарылды.

Қорғаныс ведомствосының басшысы 2019 оқу жылына арналған әскерлерді даярлаудың негізгі бағыттарын айқындады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Қарулы Күштерінің түрлері арасында Әуе қорғанысы күштері, өңірлік қолбасшылық әскерлері мен әскер тектері арасында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы үздік атанды, үздік әскери бөлімдер анықталды. Сонда й-ақ спорттағы жетістіктері үшін майор О. Рыпакова, лейтенант Б. Жақыпов пен ҚР ҚК қызметкері А. Аманқұл І дәрежелі медальмен наградталды.

img_5742_21969.jpg

Сондай-ақ, ҚР Қарулы Күштерінің басшылық құрамымен оқу-әдістемелік жиын өткізілді.



Ұқсас тақырыптар