Астананың ең ең сұлу аруы деген атақ үшін, финалға екі апта бойы белсенді дайындық жүргізген 20 қатысушы бақ сынасты.
«АСТАНА АРУЫ 2018» байқауының жеңімпазы болып 17 жастағы Еркеназ Сейфулла атанды, ол Қазақ технологиялар және бизнес университетінде оқиды, болашақ мамандығы дизайнер.
«Мен өте қатты қобалжып та, қуанып та тұрмын. «АСТАНА АРУЫ» сайысында жеңіске жету мен үшін жоғары мәртебе. Ең алдымен өз жақындарыма және достарыма қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіргім келеді. Келесі жылы «Қазақстан аруында» Астананы жоғары деңгейде таныстырамын деп үміттенемін», - деп бөлісті ол.
Бірінші вице-ару болып Александра Беглова тағайындалды, екінші вице-ару 21 жастағы Сəния Мерғалиева деп танылды. Ал, үшінші вице-ару атағы Диана Ыдыросоваға бұйырды.
Финалға дайындық кезінде «АСТАНА АРУЫ» финалының қатысушылары Астана қ. әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мекемесінде тұратын ардагерлер мен қарт адамдармен жүздесіп, баталарын алды!
Сонымен қатар арулар Астананың арнайы түзету мектеп-интернатының балаларымен кездесулер өткізді.
Елордамыздың осы мамандандырылған оқу орнында даму ерекшеліктері бар балалар білім алады.
Жыл сайын қыздар спорттық жарыстарға қатысады. Биылғы жылы олар "Барыс" хоккей клубы мен ресейлік "Автомобилист" ойынында қазақстандық команданы қолдауға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ, дәстүрлі түрде танымал журналдардың фэшн-фотографы Марета Келиговамен ресми фотосессия өтті.
Осы суреттердің ішінен Астананың 20 жылдығына арналған естелік күнтізбе жасалды, оның нәтижесімен жақында танысуға мүмкіндік туындайды.
Осы жылы қатысушылардың ресми таныстырылуы отбасылық дәстүрлерге және нағашы жұрты бойынша сабақтастыққа арналған болатын. Қыздар өздерінің аналары, әжелері мен әжелері туралы көрерменге баяндап берген еді.
Салтанатты финалды атақты тележүргізуші Динара Сәтжан мен танымал әнші және продюсер Бүркіт өткізіп, олар әр қатысушыға шын жүректен қолдау көрсетті.
Залдағы жүргізуші Нұрсұлтан Құрманғали болды.
Ерлан Көкеев, Рүстем Жүгінісов, Бүркіт, "Vox A capella" және "Рахат Лукум" топтары сияқты қазақстандық әртістер финал кезінде өз өнерлерімен көрермендерді қуантты.
Қазылар алқасы мүшелерінің құрамына "Алтын Сапа" сыйлығының лауреаты Ырза Тұрсынзада; Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев; музыкант және композитор Ерлан Көкеев; ID брендінің дизайнері Зарина Ақшулакова; бірегей инсталляциялардың суретшісі және авторы, тележүргізуші, Faces клубының арт-директоры Әсел Ақасова; фотограф Данил Потопов-Поличинский; "ҚАЗАҚСТАН АРУЫ" ұлттық конкурсының директоры Алена Ривлина-Қырбасова кірді.
«Сұлу да келбетті қыздар өте көп. Бірақ мен ең бастысы олардың ішкі жан дүниесіне, ақылына, тәлім-тәрбиесіне, білімділігіне назар аудардым. Өйткені ол адамның шынайы сұлулығы болып табылады! Жеңіске ие болған ару ертең Қазақстан намысын бүкіл әлемде қорғайтын болады, сондықтан оның жан дүниесінің байлығы өте маңызды!» - деп атап өтті Қазылар алқасының төрағасы Ырза Тұрсынзада.