Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру барысында жалпы көпшілікке қолдану үшін қазақ тілінде кирилл әріптерімен терілген мәтінді латын графикасына аударуға арналған конвертер бағдарлама мен мәтінді қайта кодтауға арналған IT-қосымша әзірленуде.
Бағдарлама жалпы көпшілікке латын әліпбиіне көшудің алғашқы кезеңдерінде дайын материалдарды латын әріптеріне жылдам, қатесіз көшіруді жүзеге асыратын көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Бағдарламаны интернет-ресурстарда онлайн, құрылғыларға жүктеп алу арқылы офлайн режимінде пайдалануға болады және Android, iOS платформаларына арналған мобилді қосымшалары да әзірленді.