Әкім такси жүргізушілерін аязда бағаны көтермеуге шақырды

7675770.jpg

Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек елордалықтарды қайырымды болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тағы да аязды күндер басталды. Оқушылар сабақтың болмағанына қуанып жатса, ересектер жұмыстан үйге, үйден жұмысқа тез жетуді ойлайды. Осы аязды күндерде жақсы істерді қайта бастап, бір-бірімізге қайырымды болайық»,- деп жазады Арман Тұрлыбек өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Сондай-ақ, ол таксист жүргізушілеріне аязды күндері бағаны қатты көтермеуге, кәсіпкерлерді қала тұрғындарын ыстық шәймен қамтамасыз етуге, елордалықтарды көліктері жүрмей қалғандарға қол ұшын беруге, жолда барынша қырағы болуға үндеді.

Қазақстандықтар енді смартфон арқылы несие алуы мүмкін

Қазақстандықтар қаржылық қызметтерді қашықтықтан алу мүмкіндігіне ие болмақ, өз тұлғасын дауысы мен бет-жүзі арқылы растайтын болады. Бұл жоба 2019 жылдың басында сынақтан өткізіледі деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық банкі.

Клиенттерді биометриялық көрсеткіштер – бет-әлпеті, дауысы арқылы онлайн-идентификациялау арқылы қаржылық қызметтер қолжетімді болмақ. Бұдан бөлек, мемлекеттік деректер базасындағы мәліметтер пайдаланылады.

«Бұл сұранысқа ие қаржылық қызметтерді қашықтықтан алу үшін қажет. Мәселен, интернет арқылы банк есепшотын, төлем картасын ашу, кредит алу», — деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Жанат Құрманов «Astana Hub» кездесуінде.

Қашықтықтан индентификациялау тетігі қазақстандықтарға, оның ішінде алыс өңірлерде тұратын тұрғындарға қаржылық қызметтерді қашықтықтан, смартфон, планшет немесе компьютер арқылы алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Ұлттық банк Open API ашық платформаларын іске қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл мақсатта банктердің қатысумен стандарттарды әзірлейтін жұмыс тобы құрылды.



Ұқсас тақырыптар