TC Candler сұлылықтың тәуелсіз сыншылары 2018 жылдың ең әдемі 100 әйелінің тізімін ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Кәсіби модельдерден басқа, тізімде көптеген танымал актрисалар мен әншілер, сондай-ақ спортшылар, дизайнерлер және блогерлер бар.
100 сұлу әйел тізімін алғашқы болып британдық актриса Кира Найтли (100-ші орын) ашып отыр, ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Евгения Медведева 97-ші орында, Америка әншісі Ариана Гранденің есімі 90-шы болып тұр.
Палестиналық жүргізуші Лина Кишави тізімде 80-ші орында орналасқан.
2007 жылдың ең әдемі бейнесі атағына ие болған британдық актриса Кейт Бесингейлдің есімі 76-шы орында, түрік актрисасы Эльчин Сангу 74-ші орында орналасқан, американдық әнші және актриса Селена Гомес - 69-шы орында, 62-ші орында - француз актрисасы Марион Котийяр (2013 жылдың ең әдемі бейнесі) тұр, үнді актрисасы Дипика Падуконе 61-ші орында, Швеция және Голливуд актрисасы Алисия Викандер - 59-шы орында тұр. Сондай-ақ ең сұлу әйелдер тізімінде Америка актрисасы Натали Портман (57-ші орын), түрік актрисасы Озгю Кая (51-ші орын) және үнді актрисасы Приянка Чопраның (47-ші орын) есімдері бар.
«Тақтар ойыны» сериалына түскен бірден үш британдық актриса - Натали Эммануэль (42-ші орын) Эмилия Кларк (37-ші орын) және Софи Тернер (32-ші орын) де ең сұлу әйелдер тізімінде.
2011 жылдың ең сұлу бейнесі атанған британиялық актриса, «Гарри Поттер» сагасының жұлдызы Эмма Уотсонның есімді бұл тізімде 19-шы орында.
Қытайлық актриса, ұйғыр қызы Дильбара Ділмұрат 16-шы орында, түрік актрисасы Ханде Эрчел - 7-ші орында, 2014-2015 жылдардың ең әдемі бейнесі, Оңтүстік Кореяның актриса және әншісі Нана (Им Джин Ах) тізімде 6-шы болып тұр.
Өткен жылдың ең әдемі тұлғасы - филиппин-американдық актриса Лиза Соберано биыл 4-ші орында, 2-ші орында - Тайвань моделі және актрисасы Тзую. Ең сұлу әйелдер тізімінде бірінші орында Франция елінің фотомоделі, актрисасы, 17 жастағы Тилан Блондоның есімі тұр.
Байқауға қатысқан қазақстандық модель Айя Шалқар 100 әдемі әйел тізіміне кірген жоқ.