Әр офицер полиграф апаратымен тексеріледі

5.jpg

Еліміздің қорғаныс саласында жемқорлықтың алдын алу үшін лауазымды қызметке тағайындалатын әр офицер полиграф апаратымен тексеріледі. Бір жыл ішінде сынаққа қатысқан жүзге жуық офицердің басым бөлігі өтпей қалыпты. Бұл талап енгізілгеннен бері әскердегі заң бұзушылықтар айтарлықтай төмендеген. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Полиграфтың сынынан өтпегендерге қызмет бұйырмайды. Сондықтан ведомствоның жаңа басшылығы өз қатарындағы жемқорлыққа бейім тұлғаларды азайту мақсатында әскери полиция бас басқармасынан арнайы полиграфия бөлімін құрыпты. Бүгін мамандар жаңа қондырғыны алматылық әскерилерге таныстырды.

РУСЛАН ӨТЕПОВ, ДЕНСАНТТЫҚ ШАБУЫЛДАУШЫ ӘСКЕРЛЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУ ПОЛКІНІҢ КОМАНДИРІ:

“Егер адам жоғары материалдық-техникалық жауапкершілігі бар лауазымға ұсынылса, немесе тағайындалар алдында міндетті түрде аталған тексеруден өтеді. Алғашқы айналымда сұрақтарға жауап бергенде қобалжисың, ал екінші, үшінші айналымда сабырлы түрде сұрақтарға жауап бересің”.

Полиграф апаратында бірнеше датчик болады. Олар адамның тыныс алу, қан айналымы, бұлшық еттерінінің қимылына дейін толық бақылауда ұстайды. Егер жалған жауап берсе бірден тіркейді. 

Мен қазір тақтаға екі санын жаздым. Бірақ полиграф аппаратын жазбадым деп алдауға тырысамын. Ал менің өтірік және шын айтқанымды мына маған орнатылған 6 датчик бойынша анықтайтын болады. 

Жалған сөйлегенімді сездірмеу үшін өзімді барынша сабырлы ұстауға тырыстым. 

Алайда соны үлгідегі қондырғы өтіріктің арты бір тұтам екенін көрсетті. Құрылғының болжамы тек 2 пайызға ғана сай келмейді екен. 

ЖОМАРТ БИТАБАРОВ, ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ БАС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПОЛИГРАФОЛОГ-МАМАНЫ:

“Қызыл белгіленген нәрсемен көрініп тұр сіздің алдағаныңыз. 2 деген санын сіз жоқ деп жасырдыңыз бұл шектен шығып өтірік екенін көрсетіп тұр. Қондырғыны алдау мүмкін емес. Жаплпы бұның көрсеткіш пайызы 97,98 пайыз”.

Алдағы уақытта қорғаныс министрлігі кез келген лауазымға полиграф апаратының сынынан өткен тұлғаларды ғана тағайындауды көздеп отыр. Қазірдің өзінде саладағы жемқорлық 17, әкімшілік құқық бұзушылық 50 пайызға төмендепті. 


Ұқсас тақырыптар