Ақтауда «Жүрек нұры» қайырымдылық акция өтті

07.jpg 

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жүрек нұры» қайырымдылық акциясы өтті.

 

Шараға «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы, депутаттар, білім басқармасы, демеушілер, меценаттар, ата-аналар және БАҚ өкілдері қатысты.

Акцияның мақсаты – білімді болуға ниетті оқушылардың жолын ашу, денсаулығы төмен балаларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету, қоғамның назарын аудару.

Айта кету керек, «Nur Otan» партиясы үшін мұндай бастамаларға қолдау көрсету дәстүрге айналған. Яғни, балалардың қатысуымен өтетін барлық шараларға қатысып олармен бірге қуанышты сәттерді бірге өткізуге әрдайым уақыт тауып келеді.

Сондай-ақ, жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созу назардан тыс қалған емес. Арнайы балалақша тәрибеленушілерінің алдында сөз сөйлеген «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының идеологиялық және қоғамдық-саяси жұмысар бөлімінің меңгерушісі Динара Қаймолдина, елімізде «Nur Otan» партиясының бастамасымен бірқатар жобалар жүзеге асып жатқандығын, соның бірі – «Кедергісіз келешек» әлеуметтік жобасы екендігін айтты. Оның аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолдау көрсетілуде екендігін алға тартты. Сондай-ақ, алда жаңа оқу жылы келе жатқандығын және мектеп табалдырығынан аттағалы отырғандарға оқуда озат болуға тілектестігін білдіріп, меценаттар есебінен алынған мектепке қажетті оқу құрылдарын табыстады.  

«Әрбір адам жақсылық жасауға ұмтылса деген тілегіміз бар. Осындай балаларға әрдайым қамқорлық жасалса нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Оларға ең болмағанда күлкі сыйлап, жанынан табылсақ жетіп жатыр. Сонда ғана олар кез-келген ортада өздерін еркін сезінеді, алға жылжуға деген ұмтылысы болады. Айналамызда мүмкіндігі шектеулі жандардың көп екендігін ұмытпағанымыз абзал, олардың бірдің қоғамның толыққанды мүшелеры болып табылады», - деді ол.

Мекеме басшылығы мен балабақша тәрбиеленушілері меймандарға өздерінің алғыстарын тек сөзбен жеткізіп қана қойған жоқ. Ән салып, би билеп, танымал ақындардың өлеңдерін оқып берді. Осылайша көздері нашар көрсе де, олардың өмірге деген құштарлығы басым екендігі байқалып тұрды. Ең бастысы қоғамдық өмірге тез аралсып кете алатындығын көрсетті, тіпті қараңғы жерде жарық сыйлай алатындай әсер қалдырды.

Шара аяқталған соң, нұротандықтар жаңа оқу жылы қарсаңында тағы бір жолығатынына сенім білдірді. Айта кету керек, аталмыш арнайы балабақшаның 42 тәрбиеленушісі биыл мектеп табалдырығынан аттамақ.

Шара соңында Маңғыстау облысы білім басқармасының «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Шамшагүл Раисова, "Nur Otan" партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ұжымына алғысы шексіз екендігін жеткізді. Сондай-ақ, бұл күні «Нұрлы Ақтау» қоғамдық бірлестігінің өкілі 9 бүлдіршінге "Жарқыра" көз қорғау кабинетінен тегін ем алуға сертификат табыстады.


 

 



Ұқсас тақырыптар