Электронды кітаптар

К1 (1).jpg

Электронды кітап қазіргі кезде кітап оқуды ұнататын және арнайды өзінің бос уақытын осыған арнайтын әр адамның серігі болып табылады. Жеңіл, сәнді, әрі қосымша функциялармен жабдықталған бұл құрылғылар енді күнделікті студенттердің, кәсіпкерлердің, іскер адамдардың және кітап оқу сиқырын таңдайтын адамдардың өмірінде таптырмас орын алады.

Алғашқы ТМД аумағында пайда болған электронды кітаптар, тұтынушыларға әдеттен тыс құрылғы болып көрінді, өйткені сол сәтте электронды кітаптар қымбат болды және электронды нұсқасына аударылған кітаптар аз болғандықтан жолға әдеттегі қағаз кітапты алған анағұрлым ыңғайлырақ болды. Бірақ қазір жағдай өзгерді: электронды кітаптар жіңішкерді, ықшамды, сенімді және ыңғайлы болды. Өлшемі блокнот тәрізді бір шағын құрылғының ішіне тұтас бір кітапхана жүктеп алуға болады. Қазіргі таңда көптеген адамдар дәстүрлі қағаз басылымдардан жаңа технологияларға бет алуда. Кітап беттерінің сыбдыры, қағаз бетінің кедір-бұдырлығы, дүкенде жаңа ғана сатып алынған кітаптың типографиялық бояуларының иісі фолианттардың шынайы жанкүйерлері үшін ештеңе жетпейді. Бірақ электронды кітаптардың басқа артықшылықтары бар.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Электронды кітаптың ең басты функциясы – ол кәдімгі қағазды елестететін дисплейі. Ерекше технология қара теріс және ақ оң зарядты молекулалары бар сұйықтықты пайдаланады. Тоқ жіберген кезде молекулалар орындарымен ауысып, символдар мен бейнелерді құрайды. Мұнымен әзірлеушілер тоқтамайды, сондықтан да қазіргі заманғы дисплейлердің символдарының бейнелену сапасы баспа баламаларына барынша жақындатылған. Электронды сия технология негізінде жасалған түрлі-түсті дисплейлер бар, бірақ олар әдеттегі планшеттердің және смартфондардың сұйықкристалды дисплейлерімен салыстырғанда әзірше түрлі-түсті баламаларының саны шектеулі келеді.

Электронды кітаптардың басты артықшылықтары

к2.jpg

Көзге қауіпсіз

E-ink (электронды сия) технологиясы бойынша жасалған дисплейлер көзге қауіпсіз келеді, өйткені олардың жарықтануы жоқ: олар қарапайым кітап секілді шам немесе күн сәулесін қажет етеді. Өндірушілер құрылғының жаңа үлгілерінде көзді тiтiркендiрмейтiн ішкі көмескі жарықтандыруды орнатады, жарықтандырылған экран қарапайым кітап беті сияқты көрінеді. Әрине, кейбір үлгілерінде LCD-дисплейлері бар, бірақ олар аз таралған, өйткені функциялары жағынан әдеттегі планшеттерден артта қалады.

Тұтас бір кітапхана сыяды

Осы шағын құрылғы жадысына олардың сақталған форматына қарай жүздеген кітаптап бастап бірнеше мың кітапқа дейін жүктеп алуға болады. Сызбалар, нұсқаулықтар, суреттері көп кітаптарды .pdf форматында сақтау тиімді, ал қалған кітаптарды кез келген ыңғайлы форматта сақтауға болады. Ең бастысы кітапты қатесіз бейнелейтін және құрылғы қолдайтын форматты таңдау.

Жиі қуаттауды талап етпейді

E-ink технологиясы көзге қауіпсіз келеді, сонымен қатар батареяны жұмсау тұрғысынан өте үнемді: ол тек қана кітап беттерін ауыстырғанда ток әсерінен бейне мен мәтін толығымен өзгерген кезде қолданылады. Егер құрылғы тек оқу үшін пайдаланылатын болса, онда айына орта есеппен бір рет қуатталған құрылғы батареясы жеткілікті болады. Қосымша функциялары (жарықтандыру, аудиофайлдардың ойнатылуы, Интернет желісіне қосылу) электронды кітаптың қуатын көбірек жұмсайды, бірақ бұл уақытта оның жұмысына жеткілікті болады.

Тамаша серіктес

Электронды кітап – ол кітапсіз өмір сүре алмайтын әуесқойларға арналған таптырмас құрал болып табылады. Ол студеттерге сабаққа дайындалуға ыңғайлы, кітап оқығанды жақсы көретін, бірақ көп кітап сатып алуға мүмкіндіктері жоқ, экологияны аялайтын жандарға арналған – әрине қағаз кітаптар ғажайып, бірақ оларды өндіру үшін ағаш пайдаланылады. Жолда көп уақыт өткізетін адамдар мұндай кітаптардың ең басты жанкүйерлері болып қалады. Электронды кітап жұмыс сөмкесінде көп орын алмайды және метрода немесе автобуста бос уақытты пайдаланып оқуға мүмкіндік береді. Егер саяхатқа шығатын болсаңыз жіңішке әрі жеңіл құрылғы жолды жайлы және қызықты етеді. Ең қарапайым модельдері сүйікті кітаптардың ләззатін толығымен сыйлайды, ал жаңарақ модельдері музыка мен аудиофайлдарды тыңдауға мүмкіндік береді, жеке жарықтандыруы пойызда немесе ұшақта бірге келе жатқан айналадағы адамдарға кедергі келтірмейді, және құрылғы қуаты жол бойына жетеді. Ең озық үлгілері интернет желісіне қосылып, бірден құрылғыға кітаптар жүктеуге мүмкіндігі бар, ал ең заманауи нұсқалары ылғалдан да қорғалған, оларға жеңіл жаңбыр немесе толқындардың шашырауы қиындық туғызбайды.



Ұқсас тақырыптар