«Менің – Қазақстаным!» тақырыбында танымдық-ағартушылық ойындар өтті

IMG_6396.JPG

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» тапсырысы негізінде Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту», «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету»  жобасы аясында Алматы колледждері студенттері арасында «Менің – Қазақстаным!» тақырыбында «Ғажайыптар алаңы» танымдық ойындар сайысы өтті.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен  бес әлеуметтік бастаманы ілгерілету, қазақ мәдениетін, тарихын, фило­со­фиясын, салт-дәстүрін және т.б. қазақ халқының ұлттық құн­ды­лықтарын ойын процесіне кіргізе отырып, жастарды ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан нәр алып, болашақта ел түтұасы болар ұрпақты сусындатып, ұлтшылдық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын, бойында ұлттық санасы қалыптасқан тұлғаларды тәрбиелеп шығаруға үлес қосуды, сондай-ақ, әртүлі этностық топтар өкілдерінің қазақтардың тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебиеті, өнері, тұрмысы және ой-санасы туралы неғұрлым толық білім алу жүйесін қалыптастыруды мақсат еткен шараға Алматы қаласының жастары қатысты.

 Олардың арасында - Алматы қаласы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері, «Тұран» университеті,  Полиграфия колледжі, сервистік қызмет көрсету колледжі, Алматы Жоғары медицина колледжі, «Нархоз» колледжі, Бизнес және коммуникация колледжі, Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі, Энергетика және электронды технологиялар колледжі студенттері, №146 мектеп –гимназия мен А.Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия оқушылары бар.

Сайыста жастар халқымыздың ұлттық құндылықтарына қатысты білім деңгейін көрсетті. Қазақи рухы биік ұлттық идеяның қалыптасуында ұлттық құндылықтардың маңызы зор десек,  ұлттық тәрбиеге баулитын танымдық ойындар  ұйымдастыру бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу ұлттық идеяның негізгі.

Отаншылдық сезім – ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі.

IMG_6645.JPG

Сондықтан да, сан ғасырлар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды түрлі танымдық шараларға енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақ ел тұтқасы болар жастарды сусындатып, ұлтшылдық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын, бойында ұлттық санасы қалыптасқан тұлғалар болуына үлес қосу – жалпы ұлттың алдында тұрған ұлы міндет. Қандай да бір елдің рухани мәдениеті, әдебиеті мен өнері, ғылым мен техникасы, әлеуметтік жағдайы, материалдық өндірісінің ең маңызды жетістіктері тәрбиесінен көрінуі арқылы оның ұлттық құндылықтарының мәніне ие болады және жастардың азаматтығы мен отаншылдықты, рухани-адамгершілік жан-дүниесі қалыптасуына белсенді түрде ықпал етеді.

Сондықтан жастарға тәрбие беруде ұлттық құндылықтарымыз арқылы жол көрсетер болсақ, жастарымыз Қазақстан қоғамының әлеуметтік-мәдени өзгерістеріне жоғары мәдениетті деңгейде бейімделе алары сөзсіз.

Осы мақсат жолында өткен «Менің – Қазақстаным!» тақырыбындағы танымдық-ағартушылық ойындар жастардың қызығушылығын оятып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге ықпал етті.  

Жеңімпаздар мен қатысушылар халықаралық «Жанашыр» қорының Дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.



Ұқсас тақырыптар