Елордада онлайн контент жасаушылардың IV форумы өтеді

казфорум.JPG

2020 жылдың 7 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында қазақтілінде онлайн контент жасаушылардың IV QazForum іс-шарасы өтеді. Форум қазақтілді онлайн медиаға арналған ең ірі кәсіби алаң.   

Жыл сайын Форумда қазақтілді медиа саласындағы үздік сарапшылар, журналистер, блогерлер мен влогерлер, веб-сайттардың бас редакторлары кәсіби тәжірибесімен бөлісу, шетелдік және жергілікті спикерлерден білім алу, бейресми ортада қарым-қатынас құру мақсатында бас қосады.

Биыл Форум аясында қазақтілді онлайн контенттен ақша табу, Қазақстан медиа нарығын дамыту мәселелерін талқылау, сондай-ақ, жетекші медиа сарапшыларының қатысуымен шеберлік сабақтары мен тренингтерді өткізу жоспарланған.

Форумға бастама беруші және идея жағынан шабыт беруші  - Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігі, ұйымдастырушы  - Қазақстан Баспасөз клубы.

Іс-шараға онлайн-БАҚ өкілдері, блогерлер мен влогерлер, медиа сарапшылар қатыса алады. Тіркелу үшін және форум жайлы толығырақ ақпаратты алу үшін www.fkoc.kz сайтын қараңыз.



Ұқсас тақырыптар