Алматы облысындағы ерекше қажеттіліктері бар пациенттер Алматыға трансферлер арқылы барады

2 (1).jpg

 «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ (РПОО) Алматы облысының пациенттері үшін осы күндері сақталып отырған санитарлық-эпидемиологиялық шараларды ескере отырып, Алматы қаласындағы кәсіпорынға дейін трансфер ұйымдастырды. Трансферлердің мерзімділігі Алматы облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен келісіледі, жоспар бойынша олар карантин түпкілікті алып тасталынғанға дейін әрекет етеді.

«Осы жылы біз тап болған күрделі жағдайды ескере отырып, Республикалық протездік-ортопедиялық орталық ерекше қажеттіліктері бар пациенттерді барынша қолдауға тырысады. Сондықтан пациенттерге ыңғайлы болу үшін орталық басшылығы Алматы облысынан Алматы қаласындағы кәсіпорынға дейін және кері бағытта трансфер ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Орталықта пациенттер протездеу алдында қажетті барлық тексеру мен өлшеуден өтіп, мамандардың ұсыныстарын ала алады. Біздің өнімдеріміз – бұл массалық емес типтік тауарлар болғандықтан, олардың әрқайсысына мүмкіндігі шектеулі пациенттің жеке ерекшеліктерін ескеру қажет, сондықтан алдын ала өлшеуді жүргізу маңызды. Қазіргі уақытта трансферлер протездеу қызметін талап ететін пациенттер үшін ұйымдастырылған. Сондай-ақ бізде ортопедиялық аяқ киімді дайындау бойынша қызметті қажет ететін пациенттер үшін Талдықорған қаласындағы РПОО шеберханасы жұмыс істейді. Біздің мамандар шеберхана меңгерушісі Марат Асылбаевтың басшылығымен Алматы облысының барлық пациенттері үшін көшпелі өлшеулер мен кеңестер өткізеді. Өз тарапымыздан пациенттерімізге сенімділікпен айтқым келеді – протездеу және ортопедиялық аяқ киім дайындау бойынша барлық тапсырыстар мерзімінде орындалады», - деді «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ президенті Николай Петров.

1.jpg

«Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ мүгедектерді және тірек-қимыл аппараты патологиясы бар тұлғаларды медициналық-әлеуметтік оңалту көмектерімен және өтемдік құралдармен бірге үйлесімде қамтамасыз ететін мамандандырылған көп бейінді кәсіпорын болып табылады. Орталық саладағы жетекші кәсіпорындардың бірі саналады және Қазақстанның барлық халқына қызмет көрсетеді. Жалпы РПОО протездеу бұйымдарының жалпы көлемінің 74%-ға жуығын және Қазақстанда өндірілетін мамандандырылған ортопедиялық аяқ киімнің, ортопедиялық ұлтарақтың 91%-ын шығарады. РПОО осы жылы 15 500-ге жуық пациентке қызмет көрсетуді жоспарлап отыр. РПОО штатында 230 адам жұмыс істейді, олар – жоғары білікті ортопед-дәрігерлер, механик-протезшілер, инженер-технологтар, протездік-ортопедиялық салада үлкен тәжірибесі бар жұмысшылар және басқа да мамандар. Орталық қызметкерлерінің шамамен 13%-ы – мүмкіндігі шектеулі адамдар.



Ұқсас тақырыптар