Үндістан жоғары соты 2 маусым күні мемлекеттің атауын ресми ауыстыру жөніндегі тұрғындардың өтінішін қарау керек болған. Алайда бұл мәселені кейінгі қалдырды, деп жазды rossaprimavera.ru.
Өтініш берушілердің ойынша, елдің ағылшын тіліндегі атауынан құтылу азаматтардың отаршылдық психологиясын жеңуге көмектеспек.
Ел азаматтары мемлекет атауына "Бхарат" немесе "Хиндустан" деп өзгерткісі келеді. "Бхарат" – бұл елдің бұрынғы билеушісі Бхарат патшаның есімімен байланысты. Сонымен қатар, "Хиндустан" нұсқасы қосымша қарастырылып отыр.