Атыраудағы газ құю стансасында жарылыс болды

1.jpg

Жарылыс кезінде 4 адам зардап шекті. Бұл туралы ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін таңертең Атабаев көшесінде орналасқан "ПромГаз" ЖШС аумағында "Форд" маркалы автоцистерна жарылған. Төтенше жағдай салдарынан сол маңда 60-70 метр жерде орналасқан ғимарат бүлінген.

Төрт адамды күйік шалды, олар ауруханаға жіберілді: жанармай құюшы, жүргізуші мен Атырау облысы ТЖД екі қызметкері - бөлім командирі мен өрт сөндіруші, - делінген ІІМ ТЖК хабарламасында.

Сағат 9.58-де өрт толықтай сөндірілген. Қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері мен 4 техника жұмылдырылған.

Газ құю стансасында зардап шеккен адамның екеуі өрт сөндірушілер. Ал ғимарат қирап қалды.

BAQ.KZ



Ұқсас тақырыптар