Әр оқушымыз әр түрлі іспен айналысып жүр

7.jpg


Әлем бойынша жайлаған пандемия адамзаттың үрейін ұшырып, адам өмірінің бір сәтке қымбат екенін көрсетіп жатыр. Барлық жерде карантин  шаралары күшейтіліп, онлайн режімге өткенін білесіз. Қасымызда жүрген оқушының жылуын сезіне алмай, бейнелі түрде көріп қадағалайтын болдық. Өкінішке орай, қашықтықтан оқу мұғалімге де оқушыға да оңай соқпады. Адамдармен тілдесудің өзі үлкен бір бақыт екенін сезінгендейміз. Осындай қиын уақыттарға қарамай оқушыларымыздың қайда? Не істеп жүргенін бақылаумен жүрміз. Мен Ақтау Білім инновация мектебінің биология пәнінің мұғалімімін. Жаз айларында оқушылармен олипиадалық дайындықтар жасап кездесіп тұрамын. Өзімнің мұғалімдік міндетімді орындай отырып, оқушылармның карантин уақытында бос қалмауын барынша қадағаладым. Оқушылармен онлайн форматта "Шахмат" турнирін  өткізіп, біршама чалленж ұйымдастырылды. Ал енді оқушыларым туралы жеткізсем деймін.

8.jpg

Әр оқушымыз әр түрлі іспен айналысып жүр. Кейбірі ата-анасының қолғанаты болса, кейбірі өз бетімен ерікті болып жұмыс атқаруда. Әрине мұнда тұрған не бар? деген боларсыз. Дегенімен, қазіргі жасөспірімдердің қиын қыстау кезінде, өз бетімен ерікті болуы үлкен ерлік деп білер едім. Таңнан қара кешке дейін компютер басында күнін өткізіп, айналасынан бейхабар жастар да аз емес. Шын мәнінде мектеп оқушыларының қоғамға да өз еркімен пайдасы тиіп жатса қуантарлық іс. Дәл осындай бір оқушымды ерекше атап өткім келеді. Нугманов Дархан 10 сынып оқушысы. Карантин кезінде өзіне жауапкершілік алып  @oo_Qanat_Aktau еріктілер қатарына ілесті. Оның ішінде біршама жұмыс атқарып, жағдайы жоқ отбасыларға, азық-түлік таратумен айналысты. Сондай-ақ  қалада із-түссіз жоғалған жасөспірім баланы іздеу шарасына қатысып, баланы тауып ата-анасына табыстады. Оқушымның жасаған кішкентай ерлігі мен үшін таудай болды. Бойындағы жауапкершілікті сезініп, өзінің адамдарға пайдалы екенін сезінуден асқан байлық бар ма?

Карантин уақытында көптеген кітаптар оқып, білімін шыңдап жатқан оқушыларым да жоқ емес." Абай жолы",  "Самый богатый человек Вавилона", "Гибкое сознание", "Магия утра" деген кітаптармен өз ойларын ерекше бөлісті. Мен оқушыларымның болашақтарының жарқын екенін көремін. Олардың әр ісі мені ерекше қуантады. Осындай оқушыларымның үлгілі де өнегелі отбасыларына шын жүректен алғыс айтамын. Ата-ана, мұғалім үштік бірлікті сақтай отырып, әлі де талай асуларды бағындыратынына сенімдімін.

 

 Ақтау "Білім инновация" лицейінің биология мұғалімі 

Абдешов Қуандық Серікқалиұлы.



Ұқсас тақырыптар