1934 жылы бой көтерген еліміздің жетекші университеттерінің бірі және бірегейі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне биыл 87 жыл толды. Осынау 87 жылдағы университет жетістіктерін атап өтпеске болмас. Соның ішінде бірегейлері Quacquarelli Symonds (QS) беделді халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары баға алып, «QS Stars Rating System» халықаралық рейтингісінде «Бес жұлдыз» жоғары марапатына ие болды. QS аналитикалық есебінде атап өтілгендей, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 42 орынға ілгерілеп, жаһандық рейтингте 165-орынды иеленді және «әлемнің ең үздік 200 университеттерінің» қатарына енген алғашқы қазақстандық жоғарғы оқу орны болды.Әлемдік жоғары білім беру тарихында бұрын-соңды болмаған қарқынды қарқынды дамуды көрсете отырып, 9 жыл ішінде университет шамамен 500 орынға алға жылжыды. Көптеген шетелдік жоғары оқу орындары ҚазҰУдың оң тәжірибесін қолданысқа енгізуде. ҚазҰУ әлемнің 12 елінде Әл-Фараби орталықтарын ашты. ҚазҰУ әлемдегі үздік 200 экологиялық және ең озық технологиялық университеттердің үздік 50 тобына кіреді. ҚР жоғары оқу орындарының сұранысқа ие ұлттық рейтингіне енген 135 оқытушының жартысынан астымын ҚазҰУ қызметкерлері құрайды. Он алты факультеттен тұратын университетімізде үш мыңға жуық профессор-оқытушылар құрамы 180 сала бойынша 20000-нан астам студенттерге білім беріп келеді. 2013 жылы ҚазҰУ кітапханасы бой көтерген болатын. Онда 2 млн кітап қоры бар.
Қала ішінде «Казгуград» қалашығы деп аталып кеткен құтты мекенде студенттердің білім алуына барлық мүмкіндік жасалған. Ө.Жолдасбеков атындағы 1600 орындық студенттер сарайы, ТМД елдеріндегі жалғыз үлкен ауқымды Әл-Фараби кітапханасы, спорткешені және стадион, жаңа ғимараттар, әскери кафедра, технопарк, 5000 студентке арналған студенттер үйі, медициналық орталық және студенттерге қызмет ету орталығы студенттер игілігі үшін жұмыс жасап жатыр. Университетімізде студенттердің көшбасшылық қабілеттерін, ұйымдастырушылық қасиеттерін дамыту мақсатында жастар ұйымдары комитеті жұмыс істейді. Оның құрамына «Сұңқар» студенттер кәсіподағы, студенттер Сенаты, «Көмек» еріктілер қозғалысы, студенттер кеңесі, Болон үдерісі бойынша студенттік бюро, студенттердің ғылыми қоғамы кіреді. Қазіргі уақытта университеттегі барлық мерекелік ісшаралар тікелей жастардың қатысуымен өтеді.
ҚазҰУ - сыйластық пен шынайы достықтың мекені, өте ауқымды білім ордасы. ҚазҰУ - талантты және дарынды жастардың басын қосатын құтты мекен. ҚазҰУ - студенттердің тұлғалық дамуына зор әсерін тигізетін, жан жақты қабілеттерін ашатын мүмкіндіктер мекені. Бұнда оқуға түскен студент өзін барлық жағынан дамытуға толық жағдай жасалған. ҚазҰУ студенті екендігімді мақтанышпен айта аламын және алдағы уақытта студенттік өмірімнің жарқын, қызыққа толы сәттері көп боларына сенімдімін!
Ә.С.Арап.
ҚазҰУдың механика математика факультетінің,
математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығының 1 курс студенті
Жетекшісі С.А.Уразгалиева.
ҚазҰУдың филология және әлем тілдері факультетінің
шет тілі кафедрасының аға оқытушысы