Немере

unnamed.jpg


Түсінер немере сүйген тегіс қазақ, 

Тілі балдай санап жатыр санамақ. 

Атасы мен апасы үшін бәрі қызық, 

Айтқан тақпағы түсініксіз бірақ.

Шешемнің айтқаны келді анық, 

Немере қылықтарына боларсың қанық. 

Ойға келмейтін істі бастар айтпа, 

Зейнеткер зерікпейсің бос жатпа. 

Үлкендерге келер тәтті көмекші,

Апа мен ата  айтқанына көнбекші.

Тамақтан хот-дог,сэндвич жасамақ өздері,

Интернеттен тапты-ау, соткада  көздері.

Қарттар үнемі ет, қуырдақ  жеп өскен,

Енді қолдайсыз еріксіз  меню өзгерген.

Көңіл бөлу қажет болар бір келгенде,

Нағыз таланттылар осы жерде. 

Қисын,желімдесін жасар бірдеңе,

Шыдау керек бүлінген жоқ ештеңе.

Әне, қарашы абойға салды шимай, 

Керемет, сала алмайсың мұндай!

Түрлі аң,құс арасында әке мен шешесі бар,

Нақ сұлбаңды салған ғой ренжисің қалай?..

Сатып аларсың балам оюлы абой,

Жалғыз қалдырма, үнемі бол абай.

Немере-ата- ананың бақыты,

Немере-бір әулеттің жалғасы.

Немере-баға жетпес қуаныш,

Немере-өшпес шам шырақ.

Немере бәріне жұбаныш.


Күлзейнеп Шакенқызы.

Нұр-Сұлтан қаласы.

15.04.21



Ұқсас тақырыптар