Библиодесант сабағы

WhatsApp Image 2021-04-20 at 10.52.42 (1).jpeg


Жақында Семейдегі 38 мектеп-лицейіне қаладағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың қызметкерлері келіп өздерінің жұмыстарын таныстырып, оқушыларға танымдық сабақ өткізді. Ерен еңбекті талап ететін бұл саланың кітапханашыларын бүгінгі заман батырлары десек артық айтқандық емес.

Көру мүмкіндіктері төмен немесе зағип болып туылған жандарға білім үйрету қаншалықты қиын екенін саралай беріңіз. Десе де ғылым мен техниканың арқасында саусақтың сезгіштік қасиетімен әр түрлі әріптерді таңбалап оқушыға түсіндіру жолын жүйелі жасаған.  Брайлер деп аталатын бұл таңбаларды тек сол кітапхана қызметкерлері мен арнайы мамандары ғана оқи алады.


WhatsApp Image 2021-04-20 at 10.52.42.jpeg


Қарапайым адамдар біле бермейтін бұл әріптік таңбалауды аталған мектеппен тығыз жұмыс жасайтын  қаладағы  зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана қызметкерлері  «Кітап білім-қазынасы» атты библодесант сабағы арқылы оқушыларға мектебіміздің кітапханасында тамаша кеш өткізіп таныстырды. Зағип жандарға арналған арнайы кітаптар, аудиоқұралдар, дыбыс колонколары, түрлі жүйелі жасалған ойыншықтар мен кескінді суреттемелер арқылы қызықты тәрбиелі кеш өткізді. Көбі қолдан жасалған жұмыстар талапкердің талабынан шығатын жүйелі еңбек жемісі. Және осы кітапхана жұмысын оқушыларға таныстыру  кешінде Шынар Алиасқарованың зағип жандарға арналған кітапбы да мектеп оқушыларына таныстырылды.


WhatsApp Image 2021-04-20 at 10.52.43.jpeg


Мектеп кітапханашысы Дария Әлімбекованың "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында өткізген бұл кеші басқа оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттырды. Аталмыш кешке география пәнінің оқытушысы Ақерке Нұрғалиева 5 сынып оқушыларымен  қатысты. Керемет кешті өткізген 38 мектеп-лицейінің кітапханашысы Дария Әлімбекова, Шынар Алиасқарова, Бақытжан Бисенбекова секілді қызметкерлердің еңбегі зор.

 

Медет Рахымбаев



Ұқсас тақырыптар