Алматыда ІТ мамандары арасында ерекше байқау өтті

IMG_6283.jpg


Алматыда 25-26 қыркүйек күні 70-ке жуық қазақстандық ақпараттық технологиялар саласының студенттері мен мамандары климаттық мәселелерді азайту мақсатымен ең үздік таза технологиялық шешім табу үшін Алматыдағы EU Ecohackathon байқауына қатысты. Іс-шараны Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі Еуроодақ климаттық дипломатиясы және Еуроодақ пен Қазақстанның білім, ғылым, зерттеулер және инновациялар саласындағы ынтымақтастығы шеңберінде ұйымдастырды.

48 сағат ішінде хакатон қатысушылары өздерінің инновациялық идеялары мен жобаларын келесі салаларда ұсынды: инновациялар, цифрландыру, жоғары технологиялар, жасыл технологиялар, жасыл қаржы, таза технологиялар, 4-ші өнеркәсіптік революция, климаттың өзгеруі, жаңа салалар, тұрақты даму.

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускас: "Біздің хакатонымыздың мақсаты – Қазақстандағы жасыл және тұрақты даму бойынша жаңа инновациялық идеялар мен жобалардың дамуына себептесу. Осы екі күн ішінде хакатон қатысушылары құнды тәжірибе жинап, біліктілігін дамытты деген үміттеміз. Бұл олардың болашақта өзінің стартаптарын құрып, әлемді жақсартуға мүмкіндік ашады деп ойлаймыз".

Экохакатонға барлығы 12 жоба ұсынылды. Қазылар алқасы үздік үш топты таңдады:

Farmer тобы. Жоба тамақ қалдықтарын табиғи тыңайтқышқа өңдеумен байланысты. Қатысушылар өздерінің идеяларын тиімді іске асырудың үш кезеңін көрсетті: тамақ қоқыстарын жинау, тамақ қоқыстарын тыңайтқыш пен концентратқа қайта өңдеу, содан кейін тыңайтқышты сату және тамақ қоқыстарын жинау қызметін ұсыну.

Lilo тобы. Бұл мобильді эко қосымшасы, ол жеке тапсырмаларды күнтізбе ретінде аяқтауға көмектеседі, ал Lio командасы жеке мақсаттарыңызға жеткен сайын бір ағашты отырғызады. Жоба жазылым бойынша жұмыс істейді, ал ағаштар қосымшадағы жарнама арқылы сатып алынады.

Eco menu тобы. Жоба мекемелерде қағаз мәзірлер мен чектерді азайтуға бағытталған. Ecomenu - бұл рестораторлар мәзірді электронды форматта жүктей алатын платформа, ал келушілер оны телефонның камерасын QR кодына бағыттау арқылы көреді.

Осы күзде жеңімпаздар Эстонияға IT және стартап индустриясындағы еуропалық тәжірибені зерттеу үшін танысу сапарымен барады.

"Эстония - Еуропа мен әлемдегі ең цифрландырылған елдердің бірі. Мен жеңімпаздардың Эстонияның стартаптар қауымдастығымен  кездесетініне қуаныштымын. IT саласы өзгерістердің ұлы жолсерігі, хакатон барысында әзірленген үздік шешімдер іске асатынына сенемін", - деді Эстонияның Қазақстандағы Елшісі Тоомас Тирс.

IMG_5771.jpg

Хакатон барысында қатысушылар техникалық, салалық және бизнес-сарапшылардың көмегін алып, стартаптардың табысты негізін қалаушылардың тәжірибесін зерделеп, қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша тренингтен өтті.

Хакатонның серіктесі және MOST бизнес-инкубаторының бас директоры Алим Хамитов бұл іс-шара қала мен жергілікті стартаптар экожүйесі үшін жарқын оқиға болғанын атап өтті: "Пандемия басталғаннан қалада мұндай ауқымды іс-шаралар өткізілмеді. Еуроодақ бастамасының арқасында біз дарынды жастарға серпін бере алдық. Қатысушылар идеядан прототипке дейін жетті және қазылар алқасына жұмыс істейтін шешімдерін ұсынды. Студенттер тәлімгерлер мен баяндамашылардан практикалық білім алды, ал жеңімпаздар сапардан жаңа біліммен оралады деп үміттенемін".

IMG_5789.jpg

Барлық қатысушыларға алғыс сертификаттар берілді. Сонымен қатар, Еуроодақ өкілдігі мен Еуроодақ елдерінің Қазақстандағы елшіліктері жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыстады. Үздік идея" номинациясын қайта өңделген пластиктен жасалған киім бренді Piper ұтып алды, "Инновациялық шешім" номинациясы экологиялық таза тауарлар маркетплейсі бар Zhasyl тобына берілді және "Тиімді маркетингтік стратегия" номинациясын балаларға арналған тегін  Eco Challenge онлайн экология курстарының тобы жеңіп алды.

IMG_6158.jpg

Іс-шарада Keremet Art галереясының ұйымдастыруымен қазақстандық суретші Алпамыс Батыровтың цифрландырылған арт-перформансы ұсынылды.

EU EcoHackathon Эстонияның Қазақстандағы Елшілігінің, Халықаралық IT Университетінің (Нуржан Дузбаев), MOST, IBC Group (Курмет Аубакиров), Eco Network (Анна Гударзи) компаниясының, Құрмет Әубәкіровтың Жеке Қорының, Алматы қаласы әкімдігінің және "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қолдауымен өтті.



Ұқсас тақырыптар