Бағдарлама жасау чемпионатында жеңіске жеткен студенттерге Huawei сыйлық тағайындады

Programming.png


Huawei компаниясы Сулейман Демирел университеті мен Transtelecom ұйымдастырған SDU Open 2021 - Халықаралық студенттер бағдарламалау чемпионатын (ICPC) қолдады.


Transtelecom мен Сулейман Демирел университетінің инженерия және ғылым факультеті ұйымдастырған студенттер арасында бағдарлама жасау бойынша халықаралық чемпионатында дарынды жастар бақ сынайды. Студенттер бес сағат ішінде 10 бағдарламалау мәселесін шешуге тырысып, өздерінің бағдарламалау дағдылары мен есептерді шығару қабілеттерін көрсету үшін топ болып жарысады.


Халықаралық студенттік чемпионат университеттердің талантты студенттерін эпикалық бағдарламалау шайқасына қатысуға жинайды. Байқау Codeforces.com сайтында онлайн тәртібінде өтеді, ал жеңімпаздар Huawei құрылғыларын P smart 2021 смартфондарын және белсенді шуды басатын Free Buds 4 сымсыз құлаққаптарды сыйға алады.


«Біз заманауи технологияның маңызды және болашақта өсу бағыты саналатын бағдарламалау чемпионатын қолдауға қуаныштымыз. Бүгінде әр елде жақсы бағдарламашылардың жетіспеушілігі байқалады, сондықтан Huawei жас мамандарды өз саласында үздік болуға шақырады,» - деп Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі Huawei Device директоры Фан Джинйонг өз пікірін білдірді. 


FreeBuds 4i - бұл таза дыбысты қамтамасыз ететін белсенді шуды басатын сымсыз құлаққаптар. HUAWEI FreeBuds 4i қуатының қызмет ету мерзімі өте ұзақ уақытқа жетеді. Құлаққаптар толық қуатталған кезде 10 сағатқа дейін үздіксіз музыка ойнап тұрады.


P smart 2021 - бұл жасанды интеллект пен түнгі фотосурет тәртібі бар 48 мегапиксельді камерамен жабдықталған, 6.67 дюймдік FHD экраны мен 5000 мАч қуаты бар смартфон. Басқаша айтқанда, баға мен өнімділік үйлесімі.


Топтық жарысқа қатысушылардың өтінімдерін қабылдау басталды және 15 қазанға дейін жалғасады. Барлығы 6 жеңімпаз топ болады. 1-орында бір жеңімпаз, 2-орында екі жеңімпаз  және 3-орында үш жеңімпаз топ болады. Бір топта 3 адамға дейін, ал ең көп 18 жеңімпаз болуы мүмкін.

Байқау 5 сағат ішінде шешілуі қажет 10 есептен тұрады. Тапсырмалар жиынтығы әр түрлі қиындық деңгейлерін қамтиды. Чемпионатқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.


HUAWEI Consumer Business Group туралы:

HUAWEI өнімдері мен қызметтері 170-тен астам елде қолжетімді, ғаламшардың үштен бір халқы пайдаланады. Компания АҚШ, Германия, Швеция, Ресей, Үндістан және Қытай сияқты мемлекеттерде 14 ғылыми-зерттеу орталығын ашты. HUAWEI Consumer BG — смартфондарды, ноутбуктар мен планшеттерді, тасымалдайтын электрониканы, мобильді кеңжолақты кіру құрылғыларын, үйге арналған шешімдерді, сондай-ақ бұлттағы қызметтерді әзірлеумен және өндірумен айналысатын HUAWEI компаниясының үш бизнес бөлімшелерінің бірі болып табылады.  HUAWEI ғаламдық желісінің артықшылықтары, дүние жүзіндегі операциялық қызметтерінің көлемі және дамыған серіктестік желісі телекоммуникация саласындағы 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесінің негізінде құрылған.



Ұқсас тақырыптар