Қазақстандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы құрылыс компаниялардың үздік бестігін атады

17.jpg


Танымал JexenNews Telegram-каналы елордадағы ең үздік құрылыс компанияларын анықтау мақсатында оқырмандар арасында сауалнама жүргізді. Дауыс беру тізіміне 20 құрылыс компаниясы шығарылды, соның ішінен үздік 5 девелопер іріктелді, деп хабарлайды Mezgil.kz.

Дауыс беруге мыңнан аса адам қатысты. Оқырмандардың таңдауы негізінде елордадағы үздік 5 құрылыс компаниясы анықталды. Дауыс беру нәтижесінде тізімде бірінші орынды «BI Group» компаниясы алды, бұл компанияға сауалнамаға қатысушылардың 64%-ы дауыс берген. 

«BI Group» – ірі инновациялық құрылыс холдингі, Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы лидер. Холдинг 1995 жылдан бері жұмыс істейді,  оның құрылымын құрылыс, девелопмент пен инжинирингтің әр түрлі салаларында дивизиондар мен дирекциялар құрайды.

 Екінші орынды беделді компаниялардың бірі – «Bazis A» компаниясы алды. Бұл компанияға сауалнамаға қатысушылардың 48%-ы дауыс берді. «Bazis A» нарықтағы 30 жыл ішінде түрлі нысанда 15,5 млн шаршы метр ғимарат салғанын атап өтіп, өзін құрылыс саласының көшбасшы деп атайды.  

WhatsApp Image 2021-10-18 at 10.50.17 (1).jpeg


Үздік үштік қатарында Highvill Kazakhstan компаниясы бар, оған берілген дауыстың 38%-ы тиесілі. Компания 1989 жылдан бері жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде Оңтүстік Корея және басқа да нарықтарда құрылыс саласында сапа мен беделі арқылы таныла бастады. 

 Рейтингте төртінші орын «Sensata Group» және «G-Park» компанияларына берілді. Екі құрылыс компаниясы нарықта жас ойыншы, алайда клиенттердің көңілінен шыққанға ұқсайды – оларға сауалнамаға қатысушылардың 32 пайызы дауыс берген. 

«Sensata Group» компаниялар тобы өз жобаларын 2012 жылдан бері іске асырып келеді. Компания идеологиясында мінсіз бедел, достық сервис және клиенттерге қызмет көрсетуде жоғары сапаға басымдық берілген.   

WhatsApp Image 2021-10-18 at 10.50.17.jpeg

 «G-Park» – Нұр-Сұлтан қаласында қарқынды дамып жатқан жас құрылыс компания. 2014 жылдан бастап компания 10 000-ға жуық астаналықты пәтермен қамтамасыз ете отырып, шамамен 1 000 000 шаршы метр тұрғын үй салды.

 Рейтингтегі бесінші орын және дауыстың 28%-ын сауалнамаға қатысушылар «Orda Invest» құрылыс компаниясына берген. Бұл ірі инвестициялық-құрылыс компания тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүлік құрылысы нарығында 2006 жылдан жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында компания Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында көптеген сәтті жобаны аяқтаған. 



Ұқсас тақырыптар