Алматыда «Мемлекеттік рәміздер: тарих және қазіргі заман» атты конференция өтті

6.jpg


25 қазан күні «Педагогикалық Ғылымдар Академиясы» қоғамдық бірлестігі Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне арналған патриоттық іс-шараларды өткізу» жобасы аясында онлайн форматта «Мемлекеттік рәміздер: тарих және қазіргі заман» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. 

Конференция барысында модератор педагогика ғылымдарының докторы, академик, Педагогикалық Ғылымдар Академиясының Басқарма төрағасы А.Қ. Құсайынов аталған жоба бойынша өткізілген іс-шаралар жөнінде ақпарат берді.

Конференция бағыттарына сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы мен мәні, қолданыстағы ұлттық стандарттары мен орналастыру ережелерi, рәміздердің үздіксіз білім берудегі білім мен тәрбие тәжірибесіндегі, сонымен бірге қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы рөлі мәселелері бойынша баяндамалар жасалды.

Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Нұр-Сұлтан және Түркістан қалалары мектептерінің тарих пәні мұғалімдері, колледж және ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысты.



Ұқсас тақырыптар