Пандемия Қазақстандағы онлайн саудаға қалай әсер етті?

1.jpg


Arbuz.kz онлайн-супермаркетінің операциялық директоры Руслан Погорелов баспасөз мәжілісінде пандемия Қазақстандағы онлайн саудаға қалай әсер еткенін айтып берді, деп хабарлайды Mezgil.kz.


Оның айтуынша, қазір еліміздегі онлайн сауда жаман жүріп жатқан жоқ. Әсіресе алғашқы қажетті заттар мен азық-түлік өнімдеріне тапсырыс жақсы жүріп жатыр. 


Біз 2018 жылы құрылып, осы сегменттегі алғашқы ойыншы болдық. Содан бері онлайн сауда 50-60 есеге өсті. Қазір нарықта бізден басқа 6-7 ойыншы бар. Азық-түлік пен алғашқы қажетті заттар жалпы нарықтың 1 пайызын құрайды. Бұл өте аз, алайда 2018 жылы бұл көрсеткіш нөл болған еді, сондықтан өсім бар. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 5-7 пайыз деңгейінде. Келешекте онлайн тапсырыс көлемі 30-40 пайызға дейін өседі деп күтілуде,-деді Погорелов. 


Айта кетсек, бүгін Қазастанның шағын және орта бизнесін қолдауға арналған Business Wire Forum форумы басталды. Форумды Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Шелл Қазақстан компаниясы ұйымдастырып жатыр. 


ЕҚДБ-ның Қазақстанда және Моңғолияда шағын бизнесті қолдаудың өңірлік бағдарламасының басшысы Хольгер Вифель шағын және орта бизнесті қолдау үшін бірқатар жобаны іске асырып жатқандарын айтты.


«Біз 20 жылдан бері жұмыс істеп келеміз, тәжірибеміз де мол. Қазір Қазқастанның барлық облыстарында кеңсеміз бар. Шелл Қазақстан компаниясымен бірге шағын және орта бизнесті қолдау бағытында бірнеше жобаны іске асырып жатырмыз. Осыған дейін 60-тан астам жобаны іске асырдық, негізінен кәсіп ашқысы келетіндерді оқытып, оған шетелдік және жергілікті консультанттарды тарттық. Қазір елдегі клиенттердің сұранысы мен талабы жоғары, өйткені олар шетелге саяхаттайды, бәрін көріп, біліп отыр. Сондықтан өз қызметінің сапасын жоғарылатқысы келетін, жаңа жоба шақысы келетін кәсіпкерлер бізге жүгінеді»,-деді Хольгер Вифель. 


Баспасөз мәжілісі барысында бизнесті қолдаудың жол картасы, инновациялық және әлеуметтік маңызы бар жобалар таныстырылды. 


Әділет Мұсахаев



Ұқсас тақырыптар