Алматыда жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы басталады

7.jpg



Алматыда 15 қарашаның түн ортасында 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталады. Өтінімдерді ағымдағы жылдың 20 қарашасында сағат 23.59-ға дейін беруге болады, деп хабарлайды Mezgil.kz Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.


Қала әкімдігінің сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, өтінімдерді қабылдау www.almaty-jastary.info.сайтында жүргізіледі, сайтқа кіру өтініш берушілердің электрондық-цифрлық кілттері бойынша жүзеге асырылады.


Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: жасы — 29 жасқа дейін, Алматыда соңғы екі жылдан кем емес тұрақты тіркелуі, соңғы екі жыл ішінде Қазақстан аумағында тұрғын үйінің болмауы. Бұдан басқа, соңғы 6 айда үміткерлердің ай сайынғы жалақысы 40 АЕК-тен жоғары болуы тиіс — 116 680 тг.


Қажетті құжаттардың, жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі туралы толық ақпарат жоғарыда көрсетілген сайтта жарияланған.


Берілетін пәтерлер Наурызбай ауданындағы "Алма Сити-5" жаңа ТК және Алатау ауданындағы "Мәдениет" ТК орналасқан.


Жалпы саны — 1050 бір бөлмелі пәтер. Жалға беру мерзімі — ұзарту құқығынсыз 5 жыл.



Ұқсас тақырыптар