Алматы облысына Pfizer вакцинасы жеткізілді

9.jpg


Бүгін Алматы облысына Пфайзер вакцинасының 46800 дозасы келді. Екпе ең алдымен 

12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдер салына бастайды, деп хабарлайды Mezgil.kz. 


Вакцина минус 60-90°C температурада "Облыстық қан орталығы" мекемесінде сақталады. Ал, мектептерде егу пункттерінде плюс 2-8°C температурада 31 күнге дейін жарамдылық мерзімі көрсетілген. 


Айта кетсек, мектеп оқушыларын  вакцинациялау тек ата-аналардың немесе заңды өкілдердің рұқсаты бойынша жүргізілмек. Мәжбүрлеу шарасы болмайды деп жеткізді облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері. 


Бүгінгі таңда өңірде 760-тан аса білім ошақтарында егу бригадалары құрылған. Арнайы кабинеттер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жасақталған.



Ұқсас тақырыптар