Mountain resort «Оi-qaragai» тау шаңғысы маусымын ашты

Новый рисунок.png


Жалпы ұзақтығы  22 километр болатын 20 тау шаңғысы және шана-баллон трассасы техникалық ашылу аясында 12 қарашада өзінің алғашқы Қонақтарын қабылдады. БАҚ  және туризм саласы пікірлерінің көшбасшылары үшін арнайы баспасөз-конференциясында Oi-Qaragai-дың Бас директоры  Ерлик Балфанбаев жасалған жақсартулары мен даму жоспары туралы ойларын ортаға салды. 


«Бүкіл 2021 жыл  Курорттың инфрақұрылымдарын жақсартуға және дамытуға арналды, - деп Курорттың бас директоры Ерлик Балфанбаев ойларымен бөлісті, - Біз Алматы мен Алматы облысының тау шаңғысы кластерінің тарихында алғаш рет «Шымбұлақ» курортымен біртұтас ski-pass жасадық, тау беткейлерін қарландыру ауданын 40%-ға арттырдық, Әлемдегі ең үлкен киіз үй – Ақ Ауылды жаңалап, Курорттың орталық бөлігін – Ертегі Жүрегін қайта құрудамыз. Біз трассаның жалпы ұзындығын ұзарттық, бұрыннан бар жолдарды кеңейттік және нығайттық, жаңа шана-баллон трассасын салдық, жылқы алаңын жақсарттық, дәл қазір Аяз Ата резиденциясының құрылысын аяқтаудамыз. Тау шаңғысы беткейлеріне келсек – осы маусымда бұрыннан бар 18 трассаға тағы 2 қара трасса қосылды. Біз кәсіби тау шаңғысы қауымдастығы тарапынан  және қазақстандықтар тарапынан тау шаңғысына деген қызығушылықтың жылдан жылға өсіп келе жатқанына қуаныштымыз, сондықтан өз Қонақтарымызды қуана таңдандыруды жалғастыруға уәде береміз». 


IMG_1977.JPG


Курорт туралы қосымша ақпарат:


Mountain Resort «Oi-Qaragai» — Тянь-Шань тау баурайының адам аяғы баспаған табиғатының аясында орналасқан, шынайы сервиске, еуразиялық мәдениетке ие, барлық Қонақтарға жақындарымен, серіктестерімен, әріптестерімен белсенді демалыста жайлы тұрақ жағдайында және салауатты тамақтандыру ұсынылатын бас қосу мүмкіндігін сыйлайтын  Еуразияның ортасындағы барлық маусымды қамтитын отбасылық тау Курорты. 

Mountain Resort «Oi-Qaragai» бірегей инфрақұрылымы Орта Азияда, ал кейбір тұстары бойынша Әлемде баламасы жоқ тұрғылықты, тамақтану және бос уақытты өткізу нысандарынан тұрады. Әлемнің үздік эко-отельдерінің топ-10 рейтингіне кірген «Ағаштағы ауыл», Гиннес Рекордтар Кітабына енгізілген Дүние жүзіндегі ең алып киіз үй, бірегей троллей саябағы, табиғи тау рельефіндегі скалодром,  дәстүрлі қазақи киіз үйлерде орналасқан «UMAI» Этно-SPA-сы және тағы басқалар «Oi-Qaragai-ды» Қонақ табиғатпен тоғысып, өз бастауына орала алатын жалғыз орынға айналдырады. 


IMG_1777.JPG


Курорт аумағында жыл бойы жұмыс істейді: 

бизнес-кластан бастап, бірегей баспана түріне дейінгі өмір сүрудің 7 түрі

6 мейрамхана мен  кафе 

20-дан астам белсенділік


 «Oi-Qaragai» тау шаңғысы саябағы цифрлармен: 

22 километр  трасса

11 көтергіш (оның ішінде  3 арқанды-креслолы)

жаттығу беткейлерінен бастап экстремалдыға дейінгі күрделіліктің әр түрді деңгейіндегі 20 трасса

70% трасса – көк – экстремалды учаскелерсіз жайлы сырғанауға арналған

4 шана-баллон  трассасы,  бугельді көтергіштермен жабдықталған

Тау шаңғысы мектебінің 3 пункті,  50 астам нұсқаушы

Биіктік ауытқуы теңіз деңгейінен 1550 м. бастап  1821 м. дейін

105 Га - 2021-2022  маусымындағы курорт ауданы

Алматыдан 40 минут  және Қонақ шаңғымен

6 прокат пунктінде тау шаңғысы жабдықтарының 400-ден астам  жиынтығы 



Ұқсас тақырыптар