Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Қазақстан Республикасының мүгедектер күніне орай, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясын өткізді.
Орталық музей жыл сайын аталмыш күні мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау мақсатында түрлі іс-шаралар өткізеді. Ағымдағы жылы музей 3-ші қайырымдылық акциясын өткізіп отыр, басты мақсат мұқтаж жандардың мәселелеріне халық назарын аударту, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық өмірге араласуына ықпал ету.
«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында, әрбір баланың шығармашылығын көрсетіп, өзіндік ерекшеліктері мен өмірге деген көзқарастарын көрсететін балалар шығармашылығына арналған көрме өтті. Акцияға Алматы қаласында есепке алынған мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты.
Музей үшін қайырымдылық ациялар өткізу игі дәстүрге айналды. Бұл ең алдымен қазіргі қиын уақытта балаларды шабыттандырып, «жаңа шындарды бағындыруға» деген ынталарын оятауға ықпал етеді.
Іс-шараның салтанатты ашылуында Қазақстан Републикасы Мемлекеттік орталық музей директорының орынбасары – Бибігүл Дандіғараева, Медеу ауданының Әлеуметтік әл ауқат бөлімінің басшысы Ержан Ділданұлын және «Аламәт» продюсерлік орталығының басшысы Қалбинұр Аруп балаларды құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
Іс-шара аясында «Аламәт» продюсерлік орталығының атынан музыкалық сәлемдемелер, музей залдары бойынша экскурсиялар, сондай-ақ акцияға қатысушы балалардың жұмыстары қойылған балалар шығармашылығының көрмесі өтті.
Акцияның бас демеушісі 10 жыл бойы ҚР Мемлекеттік орталық музейінің тұрақты серіктесі болып табылатын «Бостан» жеке шаруашылық серіктестігі. Акцияны қолдағандар: «ОРИМИ СА» - «Шах» шәй сауда маркасы, DODO PIZZA, «Ақсай нан» ЖШС, Metro Cash & Carry, «Назик» ЖШС, «CEZARO» ЖК, ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамы.