Cупер баға. HUAWEI ұсынған Nova 8i смартфонын жеңілдікпен алыңыз

photo1636971476.jpeg


HUAWEI өз тұтынушыларына супер бағаны ұсынады. Алдыңғы беті 94,7%-ды алатын жарқыраған жақтаусыз HUAWEI Edgeless дисплейін, жасанды интеллектімен 64 МП төрт камераны және 38 минут ішінде 66 Вт HUAWEI SuperCharge жылдам қуаттау технологиясы бар жаңа Nova 8i смартфонының бағасы 189,990 теңгенің орнына 179,990 теңге болды.


Қазақстан мен Орталық Азиядағы Huawei Device директоры Фан Джинйонг: «HUAWEI Nova 8i тамаша камераны, жақтаусыз экранды және зор қуат күші бар, сонымен қатар, ойын-сауық, жұмыс және жақын адамдармен байланысқа орнатуға арналған тамаша құрал. Стильді дизайнды HUAWEI Nova 8i басқа қолданушылардың арасында ерекшелендіреді»


Жақтаусыз экран және көз қорғанысы

Смартфонда 6,67 дюймдік HUAWEI Edgeless дисплейі бар, ол корпустың алдыңғы бетінің  94,7%-ын құрайды. 1080×2376 пиксельдің дисплей DCI-P3 түсті гаммасын [1] қолдайды. Ол кескіннің анықтығы мен шынайылығына кепілдік беретін 16,7 миллион түске дейін шығаруға қабілетті.

Жаңа смартфонда TÜV Rheinland компаниясының сертификатталған Eye Comfort функциясы бар. Ол сары түсті азайта отырып, артқы жарық спектріндегі зиянды көк жарықты азайтады. 180 Гц іріктеу жиілігі бар сенсорлық тақта түрткен кезде дереу әсер беріп, ойын кезінде өз артықшылығын көрсетіп, пайдаланушы тәжірибесін жақсартады.


Түсірілімнің барлық түріне арналған жаңартылған камера

Жаңа HUAWEI Nova 8i смартфонында дөңгелек симметриялық блокқа біріктірілген төрт мамандандырылған модульден тұратын жетілдірілген камера жүйесі бар. Құрылғының негізгі камерасы диагоналы 1/1,7 дюйм және 64 МП ажыратымдылығы бар үлкен сенсормен жабдықталған, ол тәуліктің кез келген уақытында анық және жарқын суреттерді шығарады және толық ажыратымдылықта тікелей суретті көрсетуді қолдайды. Пейзаждарға, интерьерге және адамдардың үлкен топтарына арналған 8 МП ультра кең бұрышты камера жақын қашықтықта барынша көп бөлшектер мен жүздерді түсіруге көмектеседі. Ал жасанды интеллект негізіндегі өріс тереңдігін тануға арналған арнайы алгоритмдер фотосуреттердегі өңді бұлдыратуға және алдыңғы бетті бөлуге мүмкіндік береді. Макро түсірілімге арналған 2 МП камера ерекше ракурс ашуға көмектесе отырып, 4 см қашықтықтағы нысандарға бағытталады.

16 МП ажыратымдылығы бар алдыңғы камера сыртқы жарықтандырудың түс температурасын өлшеуге жауапты сенсормен бірге экранның сол жақ жоғарғы бұрышындағы сопақша тесікте орналасқан. Реңк пен жарықтық деректерін пайдалана отырып, смартфон барлық жағдайларда тұрақты түс өнімділігін қамтамасыз ету үшін экранның артқы жарығын автоматты түрде реттей алады. HUAWEI Nova 8i құрылғысында көптеген фотосуреттер мен бейнелерді сақтауға мүмкіндік беретін 128 ГБ кірістірілген жады және 6 ГБ жедел жады бар.


Neumann_CreativeShot_Interstellar Blue_07.jpg


Жоғары автономия

HUAWEI SuperCharge 66 Вт жылдам қуаттау технологиясын қолдайтын күні бойы сенімді жұмыс істеу үшін жаңа құрылғыда 4300 мА×ч батареясы [2] бар. Смартфонның аккумуляторы бір ұяшықтан тұрады, бірақ екі оң және бір теріс электродтармен жабдықталған. Бұл қуаттау жылдамдығын арттыруды қамтамасыз етеді. Небәрі 20 минутта аккумулятор қуаты 68%-ға жетеді, ал толық қуаттау уқаыты 38 минутты құрайды [3]. Қуатты үнемдеудің интеллектуалды алгоритмдері фондық қолданбалардың белсенділігін басқару арқылы қуат тұтынуды оңтайландырады.

HUAWEI Nova 8i корпустың төрт жағында орналасқан жеті элементтен тұратын Full-scene Smart Antenna 2.0 сымсыз байланысқа арналған антенналардың инновациялық жүйесі бар. Бұл құрылғының барлық жағдайда тұрақты байланысты қамтамасыз етеді және ойын ойнау кезінде біркелкі жұмыс істеуге кепілдік береді.


Күнделікті өмірге арналған интеллектуалды мүмкіндіктер

HUAWEI Nova 8i әр түрлі күнделікті тапсырмаларды тиімді шешу үшін смарт мүмкіндіктер мен технологиялар жинағын ұсынатын жаңартылған EMUI 11 операциялық жүйемен жұмыс істейді. HUAWEI MeeTime жоғары сапалы бейнеқоңырау қызметі кез келген HUAWEI смартфондары мен планшеттерін пайдаланып отбасыңызбен және әріптестеріңізбен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Қоңырау кезінде экранды ортақ пайдалануға және жазбаларды қосуға болады. Инновациялық Multi-Window режимі бөлінген экранда бір уақытта бірнеше қолданбаларды ашу мүмкіндігімен құрылғының өнімділігі мен ыңғайлылығын арттырады.

HUAWEI Nova 8i пайдаланушылары HUAWEI Mobile Services (HMS) смарт экожүйесінің барлық артықшылықтарын пайдаланады. HUAWEI Music, HUAWEI Health және басқа қызметтерге қосымша AppGallery үнемі өсіп келе жатқан каталогтан ондаған мың қолданбаларды ұсынады.


Neumann_CreativeShot_Moonlight Silver_17.jpg


Баға мен қолжетімділік

HUAWEI Nova 8i барлық HUAWEI серіктес дүкендерінде Moon Silver және Starry Sky деген екі түсте сатылады. 22 қарашадан бастап құрылғының ұсынылатын бөлшек бағасы 189 990 теңгенің орнына 179 990 теңгемен.


Ұқсас тақырыптар