2021 жылдың 17-18 қарашасында StopMusor әлеуметтік жобасы шеңберінде Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы (Қауымдастық) «Экономика қызметіндегі тұрақты даму мақсаттары» атты халықаралық конференция өткізді.
Конференцияда ТДМ-ға қол жеткізу үшін азаматтық қоғамның белсенді қатысуымен бизнесті ынталандыру құралдарын әзірлеу және тұрақты өзара әрекеттесудің тиімді механизмдері талқыланды.
Конференцияның ашылуында Қауымдастықтың басқарма төрағасы А.С.Соловьева: «Біз бұл алаңның барлық қатысушылар үшін пайдалы болатынына сенімдіміз, өйткені ТДМ білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыру, сондай-ақ климаттың өзгеруімен және қоршаған ортаны қорғаумен күрес саласындағы бірқатар мәселелерді шешуге бағытталған, ал біздің қауымдастық іске асырып жатқан StopMusor жобасы көшелердегі қоқыс санын азайту бойынша экологиялық проблеманы шешуге ықпал етеді», - деп атап өтті.
Конференция жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Н.Абаканов, РФ-дағы UN Global Compact кеңсесінің «Жаһандық шарттың ұлттық желісі» қауымдастығының даму жөніндегі директоры Л.Е.Овчинникова, Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры Т.Б.Нұрашев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Т.Б.Нұрашев өзінің құттықтау сөзінде: «Одақтың мақсаттарының бірі – қатысушы мемлекеттердің тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесінде олардың экономикасын тұрақты дамыту үшін жағдай жасау, ол ТДМ-мен тікелей байланысты. Мақсаттарды іске асыру үшін қатысушы мемлекеттер экономиканың белгілі бір салалары бойынша үйлестірілген, келісілген және бірыңғай саясат жүргізеді және одаққа тиісті құзыреттер беріледі. Техникалық реттеу – Одақтың бірыңғай саясаты жүзеге асырылатын екі бағыттың бірі, ол өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Техникалық реттеу құралдары арқылы біз бүгін болашаққа қойылатын талаптарды ұсынып отырмыз, яғни біздің тұтынушымыз қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін не істеу керек, сонымен қатар оның тұрақты дамумен тікелей байланысты неғұрлым қолайлы ортада өмір сүруі үшін не істеу керек деген сауалдарға жауап беру».
Конференцияның бірінші күні Ресей, Қырғызстан және Қазақстанның мемлекеттік органдары, білім беру мекемелері, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері №3 ТДМ «Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету»; №4 ТДМ «Сапалы білім беру»; № 12 ТДМ «Жауапты тұтыну және өндіріс» мәселелерін талқылады.
Барлық қатысушылар ТДМ-ға тиімді қол жеткізу үшін ЕАЭО деңгейінде тұрақты өзара іс-қимылдың, тәжірибе алмасудың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. Мәселен, 2020 жылы бекітілген ЕАЭО интеграция стратегиясы шеңберінде ТДМ жауап беретін стратегиялық бағыттардың бірі ретінде циркулярлық экономиканы іске асыру моделі көзделген.
Екінші күні барлық қатысушылар, белсенділер мен волонтерлер үшін тәжірибелі тренерлерді тарта отырып: «Үй жағдайында қалдықтарды бөлек жинау қағидаларын енгізу»; «Әлеуметтік желілер үшін бейне контентті құру бойынша мастер-класс – вирустық бейнероликтің құпиялары»; «Нетворкинг бойынша мастер-класс» және «Көшбасшылық қасиеттерді дамыту. Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары» атты тақырыптарда онлайн-тренингтер өткізілді.