Осыдан бір жыл бұрын аты аңызға айналған футболшы және жаттықтырушы Диего Армандо Марадона қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Спортшы созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен ауырған. «Өте өкінішті, бірақ Диего зиянды заттарға тәуелді болды. Оның жағдайында басқа адамдар ертерек қайтыс болар еді», - деді дәрігер және жазушы Нельсон Кастро.
Және де Кастро футболшының денесі жүрексіз жерленгенін айтты.
«Химнасия Ла Плата клубының радикалды футбол жанкүйерлері (Марадонаның соңғы командасы) Диего жерлегеннен кейін оның жүрегін алмақ болды. Осы туралы белгілі болған соң алдын ала футболшының жүрегін дәрігерлер алып қалды. Бір жағынан мамандар өлімнің себебін анықтағысы келді», - деді ол.
Әйгілі футболшының жүрегі басқа адамдардың жүректеріне ұқсамаған.
«Оның салмағы 500 грамм, бұл өте көп, әдетте жүректің салмағы 300 грамм», – деді Кастро El Trece-ге берген сұхбатында.