Қазақстанда су қымбаттап жатыр

4.jpg


Қазақстанда суға тарифтер өсті, деп хабарлайды Mezgil.kz LS-ге сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2021 жылдың қазан айында суық су 3,9%-ға, яғни текше метр үшін 71,02 теңгеге дейін қымбаттады.

Бұл ретте Таразда тариф 27,5%-ға, т.м үшін 69,89 теңгеге дейін оскен. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан мен Семейде су 15%-дан астам қымбаттады. Тоғыз қалада қызмет құны өзгерген жоқ, ал Орал мен Өскеменде 21%-дан астам төмендеді.

Ең қымбат су Ақтауда текше метріне 223,87 теңге.  Ең арзан су тарифы Оралда текше метр үшін 36,79 теңге.

Қазақстанда ыстық су 15,5%- ға, текше метр үшін 253,06 теңгеге дейін қымбаттады. Алматыда ыстық су қымбаттырақ – т.м үшін 373,13 теңге, сондай-ақ, бұл қызмет Қарағанды мен Қостанайда 350 теңгеден жоғары.  Ең арзан  баға – Нұр-Сұлтанда – т.м үшін 123,11 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов әр отбасына оңтайлы тұтыну нормасын айқындай отырып, су тарифтерін өзгертуді ұсынған едi.



Ұқсас тақырыптар