Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Г.Ә. Сәрсенбекова 2020-2021 оқу жылына арналған есептік баяндама жасады.
17 қараша күні Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Г.Ә. Сәрсенбекованың 2020-2021 оқу жылына арналған есептік баяндамасы өтті. Кездесу тікелей эфирде Zoom бағдарламасы арқылы жүргізілді және Facebook, Youtube, Instagram парақшаларында трансляцияланды.
Кездесуге Байқау кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, «Нұр Отан» партиясы Алматы қаласы Бостандық ауданы филиалының Саяси кеңес өкілдері, студенттер, магистранттар, түлектер, ата-аналар, оқытушы- профессорлар құрамы, жұмысберушілер қатысты. Соның ішінде филология ғылымының докторы, профессор Аслы Әлиқызы Осман, белгілі ақын Серік Қалиев, Алматы қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Бекжан Хамитұлы, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының филиалы - "Телекоммуникация желілерін басқару орталығы" жетекшісі Н.А.Бектурсунов , Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінің тілшісі Рая Ескендір, « Ана тілі» газетінің тілшісі Бағдагүл Мұратқызы, Adyrna.kz ақпараттық агенттігі, Mezgil.kz ақпараттық агенттігінің журналисттері және т.б БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Гүлнар Сәрсенбекова өз баяндамасында жаһандану және қоғамдағы білім беру рөлінің артуына байланысты қызығушылық танытатын тараптар алдында 2020-2021 оқу жылында жасалған жұмыстың нәтижелері, оқу ғимараттарының жөндеу жұмыстары, жаңа ғылыми кітапхананың іске қосылуы, конференц зал, жас ғалымдар залы, сирек кездесетін кітаптар қоры және цифрландырылған кітап залы, кіші акт залы және жаңа ғылыми лабораториялардың пайдалануға берілгені жайлы тоқталды.
Студенттердің әлеуметтенуіне, шығармашылық өсуін ұйымдастыруда жүргізілген шаралар жайлы, университеттің Даму бағдарламасын іске асыру мақсатында жүргізілген басты 4 бағыт: Академиялық қызмет; Ғылыми – инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық; Әлеуметтік - жастар саясаты; Қаржылық , экономикалық және материалды – теникалық даму бойынша білім бағдарламасына енгізілген өзгерістер жайында, ҚазИТУ студенттерінің білім деңгейі мен республикалық спорттық шараларда жеткен жетістіктеріне тоқталды. Сонымен қатар Гүлнар Сәрсенбекова бәсекеге қабілеттілікті арттырып, сапаға жұмыс жасауда жаңа әдістер мен стратегиялардың маңызын жіктеп, жаңа білім беру бағдарламаларына тоқталды. Болашақты қалыптастыруға қажетті жаңа ұрпақты оқытуда ғылыми-зерттеу жұмысына, ғалымдардың ғылыми жобаларына тоқталып, нәтижелерінің қоғамға әкелетін пайдасы жайлы айтты.
Интернациаландыру стартегиясы бойынша жеткен жетістіктерге, 50-ден астам халықаралық жоғары оқу орындарымен байланыстардың кеңейгендігі туралы ақпарат берді. « Мәңгілік ел» идеясы мен « Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚазИТУ қабырғасында өткен барлық іс-шаралар жайлы мағұлмат берді. Университетте ұтымды технологияны пайдалану арқасында студенттер саны сандық та, сапалық та жағынан бірнеше есеге өскені туралы және ҚазИТУ-дағы жаңа жобалар кәсібилікпен қатар , жұмсақ дағдыларды қалыптастыруға бағытталатынын баяндады.
Баяндама соңында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Г.Ә. Сәрсенбекова студенттерді халықаралық студенттер күнімен құттықтап, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді, ақпараттармен бөлісті.
Есептік баяндаманың толық нұсқасын Youtube арнасынан https://youtu.be/GEpj372Jpl0 сілтемесі арқылы көре аласыздар.