Қазақстандық мәрмәр сиыр еті Парсы шығанағы елдерінің нарығына шықты

фото_1.jpeg


Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері екіжақты сауда көлемін айтарлықтай арттыруға уағдаласты, бұл Парсы шығанағы елдері мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытудағы маңызды қадам болып табылады.

 

«Expo 2020 Dubai» көрмесі аясында өткен Қазақстандық сауда-инвестициялық форум барысында БАӘ мен Қазақстанның жетекші компаниялары арасында сауданы айтарлықтай әртараптандыру және тереңдету туралы келісімдерге қол қойылды. Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан ет өнеркәсібі ынтымақтастықты кеңейтуден пайда көреді, өйткені қазақстандық премиум сиыр еті алғаш рет Парсы шығанағы нарығында сатылатын болады.

 

Қазақстандағы премиум класты мәрмәр сиыр етін өндіретін KazBeef компаниясы Дубайдағы мейрамханалар мен қонақ үйлер үшін негізгі жеткізушілердің бірі Wisk Foodstuff Trading компаниясына мәрмәр етін жеткізуге 500 млн.теңге сомасына келісімшарт жасады. Компанияның жоспарында бүкіл Парсы шығанағының нарықтарына шығу, осылайша жақын болашақта өнім жеткізу көлемін ұлғайту бар.

 

Форумды ашқан Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин атап өтті: «Біздің елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастар бүгінде тарихи белестерде тұр. Біріккен Араб Әмірліктері 1991 жылдан бері Қазақстан экономикасына 4 миллиард доллардан астам инвестиция салып, аймақтағы бірінші экономикалық серіктесіміз болды. БАӘ-нің қатысуымен 250-ден астам компания біздің экономикамызда сәтті жұмыс істеуде, бұл біздің үнемі дамып келе жатқан байланыстарымызға өз үлесін қосады».

 

Бұл оқиға туралы KazBeef бас директоры Бейбіт Ерубаев: «Бұл мәміле – қазақстандық премиум етті әлемдегі ең бәсекелі нарықтардың бірінде ұсынудың тамаша мүмкіндігі. Парсы шығанағы жоғары сапалы азық-түлікке деген сұраныстың артуымен біз үшін айқын таңдау болды. Бұл «Қазақстанда жасалған» өңірдегі сапа белгісіне айналудың тағы бір қадамы».

 

Wisk басқарушы директоры Томас Лерой: «Біз Kazbeef-пен берік серіктестікті мақтан тұтамыз. Біздің әріптестігіміз қазақстандық сиыр етінің өңірдегі аса көрнекті сапасын, сондай-ақ Қазақстанда жасалған ет өндірісіне деген аса құштарлықты ілгерілетуге негізделетін болады».


Қазақстан мен БАӘ арасындағы сауда қазіргі уақытта жылына $670 млн бағаланады, бұл ретте елдер арасындағы экспорт жылына шамамен 40%-ға ұлғаюда. Бүгінгі мәлімдемелерден кейін тауарлар мен қызметтер саудасы айтарлықтай артады деп күтілуде.

 

ҚАЗАҚСТАН МЕН БАӘ АРАСЫНДАҒЫ САУДА ТУРАЛЫ

 Экономикалық күрделілік обсерваториясының мәліметтері бойынша, Қазақстан мен БАӘ арасындағы сауда көлемі 2019 жылы $670 млн құрады. Қазақстаннан БАӘ-не экспорт $485 млн құрады, бұл ретте ең көп үлес тазартылған мысқа тиесілі, ал БАӘ-нен Қазақстанға экспорт - $185 млн. Қазіргі уақытта БАӘ Қазақстанның экспорттық нарығы бойынша 25-ші орында. ЖІӨ $182 млрд құрайтын Қазақстан Орталық Азияның ірі экономикасы болып табылады, бұл ретте ауыл шаруашылығы экономикалық өндірістің барған сайын үлкен үлесін - 2020 жылы 5%-дан астамға дейін қалыптастырады.

 

 

KAZBEEF & KUSTO GROUP КОМПАНИЯСЫ ТУРАЛЫ

 KazBeef премиум класты жоғары сапалы мәрмәр сиыр етін өндіру мақсатында Қазақстанға өсіру үшін герефорд және ангус асыл тұқымды малды импорттаған алғашқы компания болды. Бүгінде компанияның бизнесі 10 000 бас ірі қара малға және 40 000 гектар жерге дейін өсті. KazBeef компаниясы өнімді Ресей мен Өзбекстанды қоса алғанда, шетелге экспорттайды және БАӘ осы кеңейтіліп жатқан тізімге мақтанышпен қосады.

 

KazBeef 2008 жылы құрылған Kusto тобының еншілес компаниясы болып табылады. Бүгінгі таңда Kusto 8000-нан астам қызметкері бар 10 елде жұмыс істейді. Топ ауыл шаруашылығы, мұнай және газ, жылжымайтын мүлік және құрылыс материалдарын қоса алғанда, көптеген салаларда жұмыс істейді. Компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы Еркін Тәтішев, ал Kusto Agro ауыл шаруашылығы бөлімшесінің (оның бір бөлігі - KazBeef) басшысы Дәулет Нұржанов болып табылады.

 

 WISK FOODSTUFF TRADING КОМПАНИЯСЫ ТУРАЛЫ

Дубай, Манила, Мадрид және Баркадағы кеңселері бар әлемдегі жетекші мейрамханалар мен қонақ үйлерге арналған өнімдер мен ингредиенттер жеткізушісі. Kazbeef-пен қол қойылған мәміле Wizz компаниясының кейіннен компанияның клиенттеріне БАӘ-не жеткізу үшін жылына $1,2 млн. жуық сомаға ет өнімдерін жеткізуін көздейді.



Ұқсас тақырыптар