Santo member of polpharma group – 10 жыл табысты еуропалық инвестициялар

фото2.png


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Kazakhstan Global Investment Roundtable 2021 (KGIR 2021) жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстел 2021 жылғы 7 желтоқсанда өтті. 2017 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жыл сайынғы іс-шараға Қазақстан экономикасының табысты дамуы мен өсуіне ықпал ететін жетекші инвестициялық компаниялардың өкілдері қатысты.

«Қазақстандағы инвестициялар: табыстың 30 жылы» атты дөңгелек үстел Премьер-Министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің алғы сөзімен ашылды, ол шетелдік инвесторлардың Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Дөңгелек үстел аясында «Жаһандық экономикалық трансформация: пандемиядан кейінгі кезеңдегі сын-қатерлер мен даму келешектері» тақырыбындағы панельдік сессия өтті. Polpharma тобының спикерлері арасында Бас директор Маркус Зигер сөз сөйледі. 

 «Польфарма тобы Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібіне жоспарлы түрде инвестиция бөлуде. Биылғы жылы біз Polpharma-ның Шымкент қаласында орналасқан SANTО инвестициялық бағдарламасының 10 жылдығын атап өттік. Қазіргі уақытта SANTO Қазақстандағы жетекші отандық фармацевтикалық компания болып табылады. Сондай-ақ, SANTO Орталық Азиядағы біздің өңірлік орталыққа айналды, одан Біз Өзбекстан және Қырғызстан сияқты басқа елдерге өнім жеткіземіз. Біз COVID пандемиясымен байланысты тұрақсыз жағдайда өмір сүруді жалғастырудамыз және ұлттық үкіметтердің ұлттық дәрілік қауіпсіздіктің ішкі кепілі ретінде жергілікті фармацевтикалық өнеркәсіпке назарын күшейте отырып, Еуропада, сондай-ақ Қазақстанда оқиғалардың дамуын болжап отырмыз. Біздің инвестициялық бағдарламамыз СК Фармация қазақстандық бірыңғай дистрибьюторымен ұзақ мерзімді келісімшарттарға негізделген. Жеткізу келісімшарттарының үздіксіздігі ұлттық фармацевтика өнеркәсібінің тұрақтылығына да, инвестициялардың үздіксіздігіне де кепілдік береді. SANTO Polpharma-ның инновацияларға, операциялардағы жетілуге, сапа мен қауіпсіздікке баса назар аударуға негізделген мақсатын қолдайды. Біз SANTO зауытын 11 өндірістік желісімен кеңейту және жаңғыртуға, зияткерлік меншікті, ноу-хауды және озық операциялық процестерді беруге, отандық препараттарды әзірлеуге, SANTO қызметкерлерін дамытуға және олардың мүмкіндіктері мен біліктіліктерін арттыруға тұрақты түрде инвестиция саламыз. Біздің түпкі мақсатымыз - пациенттерге салауатты өмір салтын ұстануға көмектесу», - деп атап өтті Зигер.

Ауқымды іс-шара екіжақты кездесулер тізбегін ұйымдастырумен, құжаттарға қол қоюмен, инвестициялық келісімшарттарды одан әрі ілгерілету бойынша пайдалы пікір алмасумен аяқталды. Соңында үздік инвесторларды марапаттау рәсімі өтті. Фарминдустрияның дамуына қосқан үлесі үшін Polpharma марапатын SANTO компаниясының бас директоры Ижи Урбанецке табыс етті: «Осы беделді марапаттың артында бүкіл ұжымның еңбегі тұрғанын атап өтуге қуаныштымын. Тек біздің бірлескен белсенді күш-жігеріміз компанияның қазақстан фармацевтикалық нарығында көшбасшы болуына жеткізді. Біз бүгінгі күні біздің компания жоғары сапалы, сұранысқа ие және халық үшін қолжетімді дәрілік заттарды шығара отырып, Қазақстанның фарминдустриясын дамытуға табысты ықпал етіп келе жатқанын мақтан тұтамыз».



Ұқсас тақырыптар