Қазақстанда Mastercard Google Pay сервисінің іске қосылды

Без названия.png


Қазақстанда Google Pay төлем сервисі іске қосылды. Қазақстандық алты банктің - Халық банкінің, Forte Bank, Еуразиялық банктің, Jusan Bank, Сбербанк пен ЦентрКредит банкінің Mastercard карталарын ұстаушылары контактісіз төлем технологиясын қабылдайтын әлемдегі барлық жерде смартфондар мен алып жүретін құрылғылардың көмегімен жылдам, қауіпсіз, қарапайым және ыңғайлы түрде бір рет түрту арқылы сатып алулар үшін тағы бір төлем жасау мүмкіндігіне ие болды.

Android 5.0 және одан жоғары ОЖ негізіндегі смартфондардың иелері қатысушы банктер шығарған, Google Pay-ға қосуға болатын MasterCard кредиттік және дебеттік карталарын пайдалана алады. Ол үшін қосымшаны Play Store-ден смартфонға жүктеу немесе pay.google.com сайтты ашу керек, Google есептік жазбасына кіріп, төлем әдісін қосыңыз. Google Pay-де сіз несиелік және дебеттік карталарды қоса аласыз, сонымен қатар құрылғыда NFC технологиясын қолдануға болатынына көз жеткізуіңіз керек. Төлем жасау үшін құрылғыны төлем терминалының байланыссыз оқу құрылғысына жақындату қажет. Сервис баптаулары туралы толық ақпаратпен осы жерде танысуға болады.

Дүкенде төлем жасау үшін телефонды пайдаланған кезде, Google Pay төлеммен бірге нақты несие немесе дебеттік карта нөмірін жібермейді. Mastercard көмегімен Google Pay төлемдері MasterCard Digital Enablement Service (MDES) токенизация платформасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл шешімнің көмегімен карта деректері қауіпсіз болып қалуы үшін карта нөмірі токенмен ауыстырылады. 

«Біз Қазақстанда қазіргі заманғы төлем құралдары көбірек қолжетімді болып келе жатқанына қуаныштымыз. Бүкіл әлемде Mastercard карта ұстаушылардың кез келген уақытта, кез келген жерде ең ыңғайлы тәсілмен төлем жасау мүмкіндігіне ие болуы үшін жұмыс істейді. Бүгін біз клиенттеріміз өздерінің Mastercard несиелік және дебеттік карталарын Google Pay-ге қосып, оларды дүкендерде, ғаламторда және Google өнімдерімен төлеу үшін қолдана алатынын жариялаймыз. Смартфонның немесе басқа құрылғының көмегімен жүзеге асырылған Mastercard картасы бойынша Google Pay-ден әрбір төлем сенімді түрде қорғалған және кез келген басқа Mastercard транзакциялары сияқты артықшылықтар мен кепілдіктерді ұсынады»  деп атап өтті Рафал Трэпка, Орталық Азиядағы Mastercard Бас директоры. 

«Бүгінгі күннен бастап қазақстандық пайдаланушылар өздерінің серіктес банктерінің Mastercard карталарын бір рет Google Pay-ге тіркей алады, кейін оны бүкіл әлем бойынша миллиондаған орындарда сатып алулар үшін, соның ішінде өздерінің сүйікті қосымшалары мен сайттарында да пайдалана алады. Бүгінгі күні Google Pay әлемнің 40-тан астам елдерінде қолжетімді және біз, қазақстандық қолданушылар төлемнің осы тәсілінің қолайлылығы мен сенімділігін бағалайды деп және сатып алулар тез әрі ыңғайлы болады деп сенеміз»,  Зейна Хатем, EMEA, Google аймағының төлемдер саласындағы серіктестік жөніндегі басқарушы директоры.

Mastercard карталарын ұстаушылар үшін серіктестік сауда-сервистік кәсіпорындармен көтермелеулер мен сыйлықтардың кең бағдарламасы көзделген. Мысалы, Burger King және Starbucks желісінде жағымды тегін сыйлықтар, Small желісінде сыйлық купондарын алу, Алматы метрополитенінде 5 теңгеге жол жүру және т. б. Барлық акциялармен толығырақ компанияның сайтында танысуға болады.

Қолма-қол ақшасыз төлем әдістері карталармен байланысты артықшылықтарды бағалайтын және осы салада жаңа технологияларды енгізуге дайын қазақстандықтардың күнделікті өміріне мықтап кірді. Mastercard қолма-қол ақшасыз төлем жасау мүмкіндігі елде барынша кең қолжетімді болуы үшін өз серіктестерімен жұмыс істейді.


Ұқсас тақырыптар