Алматы облысында фермерлердің кооперациясы тұрақты дамуып жатыр

¦Ц¦¦¦-TЙ¦¬¦-TЛ-¦¬TА¦¦¦+¦¬TА¦¬¦-¦¬¦-¦-TВ¦¦¦¬TМ¦-¦¬TЖTЛ ¦Р¦¬¦- ¦-¦-¦¬¦-TБTВ¦¬.jpg



Алматы облысында танымал «Шелек фермерлері» жобасы дамып келе жатқан ауылдық аймақтарды дамытудың кешенді бағдарламасына 10 жыл толды. 

Жобаны «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС (ФМҚ) қолдауымен «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастықтар қоры» ҚҚ (ЖҚҚ) коммерциялық емес ұйымы іске асырады және ауыл тұрғындарына көкөністерді өсірудің заманауи әдістерін, сондай-ақ маркетинг, логистика және сату негіздерін оқыту есебінен өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі. 10 жыл ішінде жоба фермерлердің менталитетін өзгертіп, оларға ауыл еңбегін бизнес ретінде қарастыруды және шаруа қожалықтарын тиімді басқаруды үйретті. Ал тұтынушыларды сапалы, экологиялық таза көкөністермен қолжетімді бағамен қамтамасыз етті.

Жобаны іске асыру жылдарында 5 мыңға жуық ауыл тұрғындарын бағдарлама шеңберінде арнайы ашылған Шелек ауылындағы Агробизнес-орталығында оқудан, тағылымдамадан және қосымша курстардан өтті. Аудан шаруашылықтарында ресурстарды оңтайлы пайдалануға бағытталған үздік практикаларды көрсету арқылы 25 озық агротехнологиялар енгізілді. Фермерлер 128 миллион теңгеден астам сомаға 992 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін сатты.


¦С¦-¦¦TЛTВ¦¦TГ¦¬TМ ¦Х¦¬TМTЗ¦¬¦-¦-¦¦¦-¦-, ¦+¦¬TА¦¦¦¦TВ¦-TА ¦д¦Ь¦б (1).jpg


«Біздің бірлестік 4 фермерден басталды, ал бүгінде кооперативте 35 фермер бар. Біз бірге ауыл шаруашылығының экологиялық нысандарын дамытудамыз. Мен жобаға басынан бастап қатысып келемін және осы уақыт ішінде фермерлік іске деген көзқарасымды өзгерттім, логистиканы құруды үйрендім, әртүрлі сәттерді ескердім, ал экологиялық таза өнімді өсірудегі жеке қағидатым тек күшейе түсті. Егер пайданы салыстыратын болсақ, ол орта есеппен үштен бірге өсті, ал біз 2015 жылға қарағанда екі есе көп сата бастадық», - деп өз әсерімен бөлісуде «Шелек фермерлері» ӘКК төрағасы, фермер Марат Мансұров.

Фермерлердің жұмысын ғылыми жолға қоюға Флорида Университеті (АҚШ) мен Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің зерттеу тобы көмектесті. Мамандар фермерлерге заманауи агротехнологияларды пайдалану бойынша ұсыныстар әзірледі. Бірақ бұл жеткіліксіз болды, дәл осындай кооперация маңызды болды. Біріктірілгенге дейін фермерлер өз өнімдерін жеткізудің қажетті көлемі мен тұрақтылығын қамтамасыз ете алмады және астықты көтерме саудагерлерге төмен бағамен сатуға мәжбүр болды. Бірақ кооперативке бірігіп, бірыңғай заңды тұлға ретінде әрекет ете отырып, қатысушылар өз өнімдерін ірі азық-түлік кәсіпорындарына, сауда желілері мен мейрамханаларға жеткізуді жолға қойды. Осылайша, 2015 жылдан бастап фермерлер жидектер мен көкөністерді «Арзан», METRO Cash&Carry супермаркеттеріне, сондай-ақ New Kitchen компаниясына және «Цин-Қаз» қайта өңдеу кәсіпорнына тікелей жеткізіп келеді.

«Ауылдық аймақтарды дамыту жөніндегі бағдарламаның табысты нәтижелерінің артында күнделікті тынымсыз еңбек пен ұсақ фермерлік шаруашылықтарға көмектесуге ұмтылыс жатыр. Біз фермерлердің жетістіктерін, олардың тұрақты кооперациясын және, әрине, дамудың жаңа векторларын мақтан тұтамыз. «Шелек фермерлері» кооперативі Филип Моррис Қазақстан компаниясы ұстанып отырған гендерлік теңдік пен лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ете отырып, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сай келеді. Ол өзінің тиімділігін дәлелдеді және бизнес пен коммерциялық емес ұйымдардың күш-жігерін мемлекеттің қолдауымен біріктіру өз жемісін бере алатынын көрсетті - фермерлерге тұрақты даму, АӨК-ні нығайту мемлекетке және қоғамға пайда әкеледі», - деп атап өтті «Филип Моррис Қазақстан» компаниясының сыртқы байланыстар жөніндегі басқарушысы Әсел Ахметова.

«Біздің серіктесіміз «Филип Моррис Қазақстан» компаниясының арқасында ауданда көптеген жылдар бойы фермерлерге қолдау көрсетіліп келеді. Жұмыссыздық, табыстардың маусымдылығы, өткізу нарықтарына шығу кезіндегі жоғары шығындар, техникалық, басқарушылық және кәсіпкерлік дағдылардың төмен деңгейі Қазақстанның ауылдық өңірлерінде әлі де проблема болып отыр. Бірақ Шелек ауылында біз осы мәселелердің көп бөлігін фермерлермен бірге шеше алдық. «Шелек фермерлері» жобасы шағын ауыл өндірушілерін кооперациялаудың нақты жұмыс істейтін схемасына айналды. Ол мықты негіз қалады, оның негізінде енді басқа да перспективалы жобаларды іске асыруға болады. Сондықтан біз ынтымақтастыққа дайынбыз және жобаға жаңа серіктестер мен донорларды шақырамыз», - деді Еңбекшіқазақ ауданының Жергілікті қоғамдастықтар қорының директоры Бақытгүл Елшібаева. 

«Атамекен» ҰКП мамандарының бағалауы бойынша, «Шелек фермерлері» кооперативі еліміздегі жеке фермерлерді тиімді біріктірудің және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қамтамасыз етуді тапсырған «егістіктен сөреге дейін» ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің нақты тізбегін құрудың іс жүзінде жалғыз мысалы болып табылады.

«Бағдарлама өз жалғасын табуы керек. Бұл бағытта біз «Жергілікті қоғамдастықтар қорының» табысты тәжірибесі бойынша өз облысымызда басқа да ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жөнінде өршіл міндет қойып отырмыз. Біз кәсіпкерлер арасында, оның ішінде салалық белгілері бойынша бірігуге болатын «Бастау Бизнес» жобасының түлектері арасында білім беру іс-шараларын ұйымдастырдық және түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз», - деді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Дәурен Оңалбаев.

«Шелек фермерлері» жобасы шағын ауыл өндірушілерін кооперациялаудың табысты моделіне айналды және «Атамекен» ҰКП-ның пікірінше, бүкіл елге ауқымды болуы тиіс.

«Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту және органикалық өнім өндірісіне одан әрі көшу облыстың ауыл шаруашылығын дамыту үшін басым бағыттар болып табылады. ЖҚҚ мен "Шелек фермерлері" кооперативі осы бағытта табысты жұмыс істеуде, нақты жұмыс істеп тұрған Агробизнес орталығы құрылды, онда фермерлер ауыл шаруашылығындағы жаңа технологиялар бойынша білім алуда. Жергілікті қоғамдастықтар қоры облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына үлкен үлес қосуда», - деді Алматы облысы ауыл шаруашылығы Басқармасының өсімдік шаруашылығы бөлімінің басшысы Ерлан Османбеков.



Ұқсас тақырыптар