ҚазИТУ-да халықаралық конференция өтіп жатыр

0u436f9db9-251be91b-5b6aa05c.jpg


ҚазИТУ-да бүгін, 8 желтоқсанда «Қазақ білімінің, ғылымының және техника мәдениетінің рухани ділдік жаңғыруы» атты халықаралық конференция өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Mezgil.kz.


Конференцияның ашылуында ҚазИТУ ректоры Гүлнәр Сәрсенбекова халықаралық жиынның маңыздылығына тоқталып, өзектілігін атап өтті.


ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің құрылғанына 20 жыл толуы аясында  бесінші рет өтіп отырған халықаралық «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған конференция Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде үзбей 2017 жылдан бері  өтіп  келеді. Конференция жұмысына алыс жақын шетел мемлекеттерінің ғалымдарымен қатар еліміздің мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлық құрамы, студенттері мен жас ғалымдары белсенді қатысуда.    


DJ6A9399.jpg


«Соңғы онжылдықта цифрлық технологиялар мен интернеттің әсерінен орын алған білім беру мен оқыту тәсілдері арқылы берілген білім мен оқытуға түбегейлі көшудің мәнмәтінінде, егер университеттер олардың 21 ғасырда өзекті болып қалғанын қаласа жаңа әдістер мен стартегиялар жасауы керектігі өте маңызды. Қазіргі университеттер заманауи сынақ-қауіптер мен трендтерге сапалы, тұрақты және әділ білім берудің жаңа жүйесінің негізін қалау арқылы жауап беретіндей болуы тиіс. Жаһанданудың және қарқында технологиялық өзгерістердің әсерінен туындаған түбегейлі өзгерістер унивесритеттерді өз студенттері, жалпы қоғам алдындағы рөлі мен құндылықтарын қайта қарауға мәжбүр етеді. Осы орайда ҚазИТУда  «Қазақ білімінің, ғылымының және техника мәдениетінің рухани ділдік жаңғыруы» атпен бесінші рет өтіп отырған халықаралық конференция өзектілігін ерекше атап өту керек», - деген ҚазИТУ ректоры конференцияның жұмысына табыс тілей отырып, келелі мәселеге арналған ашық алаңда тұжырымды  ұсыныстар мен тұшымды пікір алмасуға шақырды.   


WhatsApp Image 2021-12-09 at 21.29.21.jpeg


Конференция барысында Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан мәдениетінің, ғылымының және білімінің рухани жаңғыру философиясы мен тарихы, Қазақстанның және әлемнің ғылыми техникалық дамуының жаңа парадигмасы  мен басқа да алуан түрлі тақырыпта баяндамалар жасалады.

Бүгінде ел тәуелсіздігін сақтап, қазақ елін әлемнің озық елдері қатарына қосып, қоғамдық тұрақтылық пен ұлттық сананы жаңа белеске көтеру мақсатында Елбасы Н.Назарбаев жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақала аясында атқарылған қызмет ұшан теңіз. Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Ұлт сапасын арттырудағы орны ерекше екендігін  үлкен жауапкершілікпен сезініп, өз үлестерін қосып келеді. 



Ұқсас тақырыптар