Бүгін Glovo жаңа тренинг орталығында жұмысқа енді тұрып жатқан курьерлерге қауіпсіздік ережелері мен оларды платформаға қосу сессиясы өтті, деп хабарлайды Mezgil.kz.
Жиынға қалалық полиция өкілдері де қатысып, курьерлерге қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, жол қозғалысына кедергі келдірмеу бойынша түсіндірме жүргізді.
Бүгін Алматыда полиция өкілдері курьерлік қызметке жаңадан жұмысқа тұрып жатқан азаматтарға жол қауіпсіздігін түсіндіріп, курьерлер жол бойында қандай қателіктер жасайтыны туралы баяндады.
Алматы қаласы полиция полковнигі, ЖПҚ басқармасының өкілі Серік Жақсыбайұлы Байхожай жол қауіпсіздігін сақтау турасында айтты.
«Статистикалық деректерге сәйкес 2021 жылдың 8 айында елде 8 307 жол апаты тіркелді, жол апаттарының көбі Алматы қаласына келеді – 2161 оқиға. Жол-көлік оқиғаларына қарсы іс-қимылда ұжымдық жұмыс – жолдағы қауіпсіздік мәселесіне саналы көзқарас маңызды. Бұл мәселеде Glovo компаниясының жауапкершілігі қуантады. Біз Glovo компаниясымен бұған дейін де бірлесіп жұмыс жүргізіп келеміз және осындай тренигтерді тұрақты негізде өткізу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз»,- деп атап өтті ол.
Компания курьерлерге арналған кепілдіктерді жақсарту бағдарламасы бойынша Glovo штаб-пәтері бастама жасаған 2023 жылға дейінгі «Курьерлер алдындағы міндеттемелер» жоспарымен бөлісті.
Glovo-да тұрақты түрде онбординг өткізіліп тұрады, онда жаңа курьерлерді платформамен ынтымақтастық мәселелері бойынша егжей-тегжейлі таныстырады. Сессиядан кейін компанияда келесі жылы қазақстандық курьерлердің жұмыс жағдайлары қалай өзгеретіні туралы да айтылды.
Glovo-ның Қазақстандағы бас менеджері Карим Богуспаев Барселонадағы штаб-пәтер бастама жасаған жаңа жұмыс жағдайларын жария етті. Бұл жұмыс жағдайлары сондай-ақ 2023 жылға дейін компания қатысатын басқа да нарықтарға енгізілетін болады.
Glovo-ның Қазақстандағы бас менеджері Карим Богуспаев: «Glovo сервисі биыл Қазақстандағы жұмысының үш жылдығын атап өтті. Жеткізу нарығындағы жетекші халықаралық ойыншылардың бірінің келуі нарықты өзгертті. Екі жыл ішінде Қазақстанға шамамен үш миллион еуро инвестиция салынды. Glovo өзінің келуімен гиг-экономика ұғымын нығайтты, ал біз бүгінде платформалар экономикасы туралы айтып жатырмыз. Осы жылы Glovo «Курьерлер алдындағы міндеттемелерін» жария етті, бұл өз кезегінде платформаға қосылған курьерлердің жұмыс жағдайын жақсартуға бағытталған, атап айтқанда: бәсекелі төлемақы, «Курьерлерге арналған трамплин» атты оқу курсы ұсынылады және мұның аясында курьер-серіктестер өз ісін жүргізуге қатысты білімін кеңейтеді, сонымен қатар қауіпсіздік бойынша ай сайынғы тренигтер өткізуді жоспарлап отырмыз. Біз бастаманың 2022 жылдың 3-тоқсанында ресми ашылуын күтпестен, қазірдің өзінде «Міндеттемелерді» іске асыруды бастап кеттік»,-деді ол.
Қазіргі сәтте Glovo сервисінде платформаға қосылған 5 мыңнан аса курьер бар, олардың 40% Қазақстанның түрлі өңірлерінде жұмыс істейді. Glovo платформасы олар үшін негізгі немесе қосымша кіріс құралы болып табылады.
Бүгінде курьердің кірісі жүктелім кестесіне байланысты айына 246 мыңнан 334 мың теңгеге дейін. Курьер қосылған кезде жазатайым оқиғалардан сақтандырумен қамтылады. Қауіпсіздік компанияның басымыдылығы болып табылады. Курьерлерге жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы үнемі айтылады. Сонымен қатар велосипедтерді жөндеу және басқа да көлік құралдарына техникалық күтім жасау стансыларына бару мүмкіндіктері бар. Төтенше жағдай болған кезде курьер қолдау қызметіне кеңес алу үшін хабарласа алады.
«Курьерлер алдындағы міндеттемелер»
«Курьерлер алдындағы міндеттемелер» бастамасы Fairwork жобасымен коллаборация аясында құрылды және сағатпен есептелетін кіріс стандарттарының (әділ кіріс мөлшері мен өмір сүру минимумы туралы WageIndicator қорының деректерін басшылыққа ала отырып) жаңа жиынтығын белгілейді, сақтандырумен қамтуды жаңарту, білім алу мүмкіндіктері, жолдағы қауіпсіздік, курьерлердің көлік құралдарына техникалық күтім жасауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Glovo платформаға қосылған курьерлердің 40%-ы үшін жаңа стандарттарды 2022 жылдың маусым айының соңына дейін енгізуді көздеп отыр. Интеграция жасалған елдердің алғашқылары Марокко мен Грузия болды. Компания өз сервисі ашылған барлық нарықта 2023 жылдың соңына дейін «Курьерлер алдындағы міндеттемелерді» енгізуді міндетіне алып отыр.