«30 жылдыққа 30 патриоттық ән»

WhatsApp Image 2021-12-18 at 18.07.36.jpeg


Отанын аңсап  келген сазгер, ақын Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап 30 патриоттық ән жазды. 

Сазгердің сөзінше, Тәуелсіздік  -  қандастардың шығармашылықпен еркін айналысуына мүмкіндік берді. Иә, қазіргі жеңіл әндер өтімді болғанымен ғұмыры тым келте. Патриоттық 30  әндердің музыкасын  жазған  Ерланның айтыуына қарағанда,   бөтен  мемлекеттерде сасяи сүрлеудің небір сынынан өткен қандастар елге оралса да, олардың тарихи Отанына деген сағыныштары әлі күнге басылған емес.  

«Композитор әндерінің сарыны  Ақан сері мен Біржан салдың мұрасымен үндес. Өзінің жүрегіндегі Отанына деген сағынышты әндерімен жеткізген. Тәуелсіздікке тарту ретінде халқын сапалы шығармаларымен қуантып отыр. Тыңдарман қауымға мағынасыз әндер емес, осындай патриоттық шығармалар көбірек жол тарту керек. Сол кезде қазақтың төл өнері де бұзылмайды, берер тәрбиесі де мол болмақ», - деді жазушы Жәди Шәкен.

«Менің анам арғы бетте қалды, шынымды айтсам көрмегеніме жылдар болды. Белгілі бір себептермен мен ол жаққа бара алмасам, анамды да Қытай билігі жіберетін емес», бұл Ерланмен алғаш кездескенде айтқан сөзі еді.. Анасына деген сағынышын әнмен басып жүрген сазгердің қоржынында  Міржақыптың «Қайда едің?» өлеңіне, Мағжанның «Мен жастарға сенемін», ақын Алмас Ахметбектің «Әлиханның монологы», сонымен қатар Мұстафа Өзтүрікке арнаған «Біз түркілерміз», «Түркістан» сынды тыңдағанда жігерлене, тұла бойыңа күш құйылатын мықты  әндер бар. Кеш барысында анаға деген сағынышты әнін Сандуғаш Стамғазиева орындаса, "Біз түркілерміз" әнін Ұшқын Жамалбек орындап шықты.

WhatsApp Image 2021-12-18 at 18.07.25.jpeg

Сазгер 2000 жылдары ҚХР тарихи Отанына біржолата көшіп келген. Түрлі қайырымдылық шаралардың ұйымдастырушысы ретінде де көзге түсіп жүрген Ерлан Төлеубай  «Ұлы дала ұраны» атты ән жинағын шығарып, халыққа таратты. Рухани азықпен тыңдармандарын сусындатып жүрген жігіт «Қазақ өнерінің қайраткері» төсбелгісімен марапатталды. Кешке келген қоғам қайраткерлері тұғыры биік, маңыздылығы шексіз, ұлтымыздың ұлы жетістігі Тәуелсіздіктің қадірін кез келген қазақ жоғары бағалау керек деп санайды.

«Қазір қазақ өнері дәстүрлі сарынынан айырылып, жан жақтан қапаған мағынсазы әндер тыңдарманның талғамында бұзды. Қазақтың әр аймағына тән әуеннен айырылып барамыз. Ұлттық музыкада қазақтың  тарихы, арман-мұраты жатыр.  Қазіргі музыкамызға кәріс, өзбек, үнді сынды өзгеде елдердің әуендерін араластырып жіберді. Жеңіл, мазмұны, мағынасы таяз, елікпе, желікке әуендер, әндер. Сондықтан Тәуелсіздікке тарту ретінде тыңдарманға жол тартқан бұндай патриоттық, тәрбиелік мәні бар әндер ауадай керек», - деді белгілі әнші, зерттеуші Ерлан Төлеутай.

 «Халифа Алтай атамызды білесіздер, Тәуелсіздік алғанымызды естігенде, мұз үстінде сәжде қылған. Мұстафа Өзтүрік те сол жүрекпен, сол ниетпен келді. Қара жерге басы тигенше ел үшін еңбек етті. Шұғыла апамыз биімен, Майра апамыз әнімен келді. Біз қазақтың дәстүрлі ән өнерінің түпнұсқасын бұзбай дәріптеу ниетімен ән жазып жүрміз. Мен үш ән жазсам, соның екеуі патриоттық ән. Сол 30 әніме «Ұлы Дала ұраны» деп ат қойып, таспағып шығардық.Тәуелсіздіктің 30 жылдығына қолымыздан келгенше арнап жатқан еңбегіміз. Әнді жазамын деп арнайы жазбаймыз. Оның барлығы кешегі жер таласқа түскенде, жер дауы болған кезде, Отанға оралғанда  жазылды. Талапбек Тынысбекұлы деген досым дәмхана ашқан кезде: «Қазаққа қазанмен болса да көмектесемін», –  деп айтқан. Сол сияқты біз де қолдан келгенше еңбектеніп жатырмыз. Қазір қазақтың руханиятын дамытуға жұмыс істеп, санасын ояту керек. Өйткені қазақ оянбай, өзінің кім екенін білмей, Тәуелсіздіктің қадірін түсінбейді. Сол себепті Мағжан сенген жастарды тәрбиелеуіміз керек. Кешегі Алаштың шығара алмай кеткенін басып, жаза алмай кеткенін жазуымыз керек», - деді сазгер Ерлан Төлеубай.

Аида Кожмамбетова



Ұқсас тақырыптар