Алматы циркінде мерекелік қойылым басталды

photo5323712994363946485.jpg


Қазақ мемлекеттік циркінде мерекелік қойылым басталды, деп хабарлайды Mezgil.kz.

Бұл жолғы жаңа жылдық қойылымға Ханс Кристиан Андерсеннің «Қар патшайымы» атты ертегісі таңдалған. Екі сағаттық сиқырлы бағдарлама көрерменді еріксіз қиял-ғажайып әлемге елітіп алып кетеді.

Қойылымда зұлымдықты шынайы достық, бауырмалдық, жылы жүрек қана жеңетіні көрсетілген. Цирк өнерін сүйер қауым Қар патшайымы, Кай, Герда, Көктем, Жаз, Күз кейіпкерлерінің сиқырлы оқиғаларын тамашалай алады.

photo5323712994363946493.jpg

Ғажайыпқа толы бағдарламада ертегі кейіпкерлерінің оқиғасы ғана баяндалмайды, цирк, театр, музыкалық, хореографиялық өнер де көрсетіледі. Қойылым ерекше сюжеттерімен көрермен жүрегін баурайды. Әртістердің әрбір трюгі қауіп пен қатерге толы. Цирк манежінде акробаттардың да, ақылды жануарлардың да, ат үстіндегі жігіттердің де өнерін көруге болады. Бір сөзбен айтқанда әсерлі бағадарлама.

photo5323712994363946488.jpg

«Сиқырлы киіз үй» атанған Қазақ циркінің төрінде қойылған қойылымға кішкентай балақайдан бастап, ересектерге дейін тамсанады. Режиссерлік-қойылымдық топ әрбір детальға мән бергенін байқауға болады. Бағдарламадағы әрбір кейіпкердің костюмі арнайы тігілген. Ерекше реквизиттер жасалған.

Мерекелік жаңа қойылымды Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары 18 желтоқсаннан бастап 9 қаңтар аралығында  тамашалай алады.



Ұқсас тақырыптар