Еркін сөз 2021 байқауы өтті

WhatsApp Image 2021-12-21 at 09.20.30 (1).jpeg


Қазақстандағы бірден бір қаржылық тақырыптағы байқау өз мәресіне жетті. Биылғы жылы бесінші рет өткізіп отырған байқауға еліміздің түкпір түкпіріндегі журналистер қатысып бағын сынаған болатын. Үш аталым бойынша атап айтқанда "үздік сайттағы мақала", "үздік мақала" (газет, журнал),  (үздік телесюжет) аталымдары бойынша бақ сынады. Сонымен қатар, осы бір екі жылда өмірден өткен журналист әріптестердің есімін ұлықтап,  олардың есімімен ерекше аталымдар да болды. Салтанатты шараның қортындысы Алматы қаласында Қазақстан қонақ үйінде өтті, үздік телесюжет аталымы бойынша Нұрсұлтан қаласынан келген, Қазақстан Ұлттық телеарнасы тілшісі Амангелді Сейтхан жеңімпаз болды. Ал үздік мақала аталымы бойынша тағы бір  Нұрсұлтандық Ерке Жұматай қанжығаласа,  үздік сайттағы мақала жеңімпазы Алматы қаласы "Ана тілі" газеті тілшісі Ақбота Мұсабек еншіледі.

 

"Осы жылдың басында декретке шығамын деп, құжаттық жағынан көп қиындықтарға тап болдым. Тіпті әлеуметтік желі де күнделік сияқты жазып жүрдім, кейін мәселе шешімін тапқанда, менің қиыншылығым басқаларға сабақ болсын деп бүгінгі жүлде алып отырған мақала жазылған еді".- деп қортындылады Ақбота Мұсабек.

 WhatsApp Image 2021-12-21 at 09.20.30.jpeg

Халық банктың демеушілігімен өткізіп келе жатқан байқау келесі жылы да өткізу жоспарда бар. Бас жүлде алған үш журналист 500 мың теңгеден сыйақы алса,  қайтыс болған журналистер аталымы бойынша әр қатысушы 50 мыңнан алды.

 WhatsApp Image 2021-12-21 at 09.20.31.jpeg

Ұйымдастырып жатқан Түркітілдес журналистер қорының да биылғы жылы 7 жылдық мерейтойын атап өтіп, жеті жылдағы жетістіктері көгілдір экранында лед арқылы көрсетілді, 2022 жылдан бастап Қазақстандық қазақ журналистері Еуропалық БАҚ пен танысып, тәжірибе алмаспақшы, Түркі тілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямерген жиналған журналистер қауымына осындай сүйінші хабарды да жеткізіп өтті.


Аида Кожмамбетова



Ұқсас тақырыптар