Студенттер қалдықтан жасалған арт-объектілер арқылы экологиялық мәселелерге назар аударуда

WhatsApp Image 2021-12-28 at 17.07.00.jpeg


Қарағанды облыстық экологиялық мұражайында «Қалдықтардан жасалған үздік арт-объект» байқауы аясында Қарағанды облысының колледж студенттері жасаған жұмыстар көрмесі ашылды. Көрмені «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі және Қарағанды облыстық экологиялық мұражайының қолдауымен «Жаңа уақыт» жеке мекемесі өткізуде. Жоба «Шеврон» компаниясымен серіктестікте Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) әзірлеген «Qolda 3.0» жедел көмек бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Байқау жастардың экологиялық белсенділігін арттырып, Қарағанды облысындағы колледждер арасында кеңінен тарады. Байқау қалдықтарды кәдеге жаратуға, қалдықтарды шығармашылықта және күнделікті өмірде қайта пайдалану мәселелеріне назар аудару мақсатында өткізілді. Ол студенттердің шығармашылық әлеуеті мен қиялын көрсетуге ғана емес, сонымен қатар аймақтың экологиялық мәселелеріне назар аударуға мүмкіндік берді.

Жоба координаторы Гүлнәр Жақсыбаева атап өтті: «Байқау мен көрменің ұйымдастырылуы біздің жобамыздың – «ЭкоЖастар» атты экологиялық білім беру және эко-волонтерлік мектебінің –  қорытынды іс-шарасы болды. Біз колледж студенттері арасынан 30 экотренер мен 50 эковолонтерді дайындадық. Экотренер түлектеріміз оқушылар мен студенттерге 40-тан астам экотренинг өткізді. Біздің волонтерлер экоағарту, қайта өңделетін материалдарды жинау және өңдеу бойынша 20-дан астам акция ұйымдастырды. Жоба басталғалы бері Қарағанды облысы колледждермен жүйелі түрде жұмыс істеп келеміз және байқау арқылы студенттердің бастамалары мен колледждердің ресурстарын біріктіруді ұйғардық. Осылайша, біз Қарағанды облысында жастардың экологиялық қозғалысын құрдық».


WhatsApp Image 2021-12-28 at 17.06.59 (1).jpeg


Байқау жеңімпаздарының бірі болып Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің командасы атанды. Олар теңіз құбыжығы, техно ұлу және бақа жауынгер жануарлары  бейнеленген қолдан жасалған панно-триптихты ұсынды. Авторлардың ойынша, тоғандағы жылы кеш стимпанк сауық кешіне айналып отыр. Жоба барысында құрылыс, дәнекерлеу, автомобиль ісі және дизайн сияқты техникалық және шығармашылық мамандықтардың студенттері жұмыстарын ұсынды:. Қайта өңдеуге болатын материалдарды – кілттерді, бұрандаларды, тігін керек-жарақтарын, фанера қалдықтарын – жинағаннан кейін дизайнерлер мифтік жануарлардың бейнесін ойлап тапты.

Қазылар алқасы ерекше стильде жасалған өзге де жұмыстарды атап өтті. Оның ішінде шыныдан жасалған киіз үй, папье-маше стиліндегі қағаздан жасалған сәукеле, металл қалдықтарынан жасалған темір өрмекші, пластик қақпақтардан жасалған түрлі фигуралар және т.б. бар.

Көрмеге барлығы 5 номинация бойынша 37 жұмыс қатысты:

-  инсталляция;

-   сурет, панно;

 мүсін, фигура;

-  экологиялық қолөнер және тұрмыастағы пайдалы заттар;

-  ұлттық ою-өрнек элементтері бар қайта өңделген бұйымдар.

 Көрмені Қарағанды экомузейінде 2022 жылдың 10 қаңтарына дейін тамашалауға болады. Кіру барлық келушілер үшін тегін.

Көрменің маңызды оқиғасы ретінде экотренерлер, эковолонтерлер және «ЭкоЖастар» мектебінің «Расхламление» марафонының белсенділерін оқытуды қорытындылау, смонымен қатар түлектер мен жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау өтті.

Жоба командасы Қарағанды облысының жастар экоқауымдастығын дамытуды және жастар арасынан эко тренерлер мен эко волонтерлерді дайындау тәжірибесін республиканың басқа аймақтарына таратуды жоспарлап отыр. Мектептің жаңа бағыттары тренерлерге экотренингтерде цифрлық технологияларды пайдалануды үйрету және волонтерлерді Instagram желісінде SMM ілгерілетуге оқытуды қамтиды.

WhatsApp Image 2021-12-28 at 17.06.59.jpeg


Ұқсас тақырыптар