Елордада «Arman Ağaşy» акциясы сәтті аяқталды

3139e7b8-0036-42ae-81b4-9d8886f3805e.jpg


«Jas Otan» өкілдері Жаңа жыл қарсаңында 118 ерекше баланың тілектерін орындады

 

Елордада «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты, «Biz Birgemiz» жалпыұлттық қозғалысы мен «Хан Шатыр» СОО іске қосқан «Arman Ağaşy» акциясы сәтті аяқталды. Акция бірінші жыл өткізіліп отырған жоқ. Биыл ұйымдастырушылар «Нұрлы жүрек» КММ ерекше қажеттіліктері бар 118 баланың тілектерін орындады.

 

Акцияның басты мақсаты - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ауыр сырқаты мен мүгедектігі бар балаларға жаңа жыл алдында мерекелік көңіл-күй сыйлау және олардың тілектерін орындау.

 

«Біз үшін «Arman Ağaşy» - бұл Жаңа жыл қарсаңында өткізілетін ерекше акция. Биыл біздің әріптестеріміздің, «Nur Otan» партиясының мүшелері мен елорда тұрғындарының көмегімен 118 баланың тілегі орындалды. Көбінесе балалар үстел ойындарын, қуыршақтарды, машиналарды, конструкторларды, роботтарды сұрайды. Бүгін осы сыйлықтардың барлығы мерекелік ертенгілікте тарту етілді», - деді «Jas Otan» ЖҚ төрағасының орынбасары Асылжан Бүркіталин.

 

Айта кету керек, акция бір ай бұрын іске қосылды және оған кез-келген адам қатыса алды. Жасотандықтар балалардың тілектерін жинап, конверттерге салып, жапырақтардың орнына «Хан Шатыр» СОО «Тілектер ағашына» (Дерево желаний) іліп қойды. Барлық сыйлықтар жиналып, балаларға аниматорлардың қатысуымен мерекелік атмосферада табыс етілді.



Ұқсас тақырыптар