Адамның ұйқысын реттейтін сағат Қазақстанға да жетті

photo1640322414.jpeg



Қазір технологияның дамығаны сондай сағаттар біздің ұйқымыздың сапасын анықтайтын жағдайға жетті. Сағат ұйықтағанда сіздің жүрек қағысыңызды, қан айналымыңыздың бәрін бақылап, тұрған кезде оны жақсарту бойынша рекомендация береді.

 

Жақында ғана сатылымға шыққан Huawei компаниясының WATCH GT 3 жаңа смарт сағаттары көптеген жаңа қызметтерімен мақтана алады, өйткені мұндай қызметтер басқа модельдерде жоқ.

 

WATCH GT 3 смарт сағатының бұған дейінгі сағаттардан өзгешелігі ондағы жаңа операциялық жүйе мен әдемі дизайнында. Мұнда орнатылған операциялық жүйе өзге құрылғыларда да бар, сондықтан оларға қосылуға мүмкіндік береді. Оған қоса құрылғыны басқаруға арналған тетігі бар, бұл сағатты баптау үшін өте ыңғайлы. Яғни, сағаттың дауысын шығару, зум мөлшерін қою, мәзірді ашу сияқты қызметтерді ашуға көмектеседі. Мұндай басқару тетігі Huawei сағаттарының ішінде WATCH GT 3-те қана бар.

 

Female 42  mm.jpg


«Біз диаметрі 46 мм және 42 мм HUAWEI WATCH GT 3 смарт сағаттарын ұсынамыз. Бір сөзбен айтқанда әйелдер мен еркектерге арналған сағаттар. Екеуінің де дисплейі аммулет, бұл қараңғы кезде жанып тұрады, ешқандай қуат көзін жұмсамайды. Екі сағат та сырттан шалынған қоңырауды қабылдай алады. Смартфонға Bluetooth арқылы қосылып, қоңырауды үнемі қабылдап, сағат арқылы сөйлесе аласыз»,- дейді Huawei тренинг менеджері Қуат Абай.

 

Сағаттың өлшеу қабілетіне тоқталсақ, ол сегіз қызмет бойынша өлшем жасайды. Мәселен, жүрек қағысын, пресс, қан құрамындағы оттегіні, жүру қадамын және тағы басқаларын.

 

Оған қоса сағатты ұйықтап жатқан кезде де тағуға болады. Ол кезде сағат сіздің денсаулық жағдайыңызды толықтай тексеріп, тұрған соң ұйқыңызды жақсарту бойынша өз рекомендациясын береді.

 

Male 46 mm.jpg


Спортпен айналысқан кезде қосатын тетіктері өте көп, жүгіру, секіру кезінде қосып қойсаңыз сағат бәрін есептеп отырады.

 

Сағаттың тағы бір артықшылығы – кері қайту қызметінің болуы. Егер тауға шыққан болсаңыз, сағат кері жолды сізге көрсетіп отырады. Соның арқасында тауда адасып кетпей шыққан нүктеңізге тез жетесіз. Ол интернет жоқ жерде де істей береді.

 

Оның үстіне сағатпен еш алаңсыз суға шомылуға да болады. Бір сөзбен айтқанда әмбебап сағат әрі ұзақ уақытқа шыдайды.


Назигүл Жақыпова



Ұқсас тақырыптар