Жаңа Huawei Watch GT 3 смарт сағатының онлайн таныстырылымы

HMH_GT3.jpg


Жаңа Huawei Watch GT 3 смарт сағатының онлайн таныстырылымы аясында спорт редакцияларын дамыту және көпшілік қауым назарын спорт жаңалықтарына аудару турасында мастер-класс өтті.

 

Ғалымдардың көптеген зерттеулері спорттың адамның физикалық және эмоциялық жағдайына жағымды әсер ететінін сан рет дәлелдеді. Белсенді түрде шынығатын адамдар ұзағырақ өмір сүреді, сирек ауырады, өмірге құштарлығы артады, мақсатына жету үшін талмай жұмыс істейтін болады. Әсіресе, спорт адамның жастық шағында оның дамуы мен тәрбиесіне түбегейлі әсер етеді. Дәл осы себептен ұлты сау болғанын қалайтын кез келген мемлекеттің алдында тұрған басты міндеттердің бірі – спортты халық арасында насихаттау және жасы мен мүмкіншілігіне қарамастан кез келген адам үшін қолжетімді ету.

 

Бұқаралық спортты дамыту, халықты жүйелі түрде дене шынықтыруға тарту, және салауатты өмір салтын насихаттау – ең басты мақсатқа айналды. Осы орайда спорттық шараларды жарыққа шығаратын және бұқаралық спортты насихаттаумен айналысатын бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздылығы арта түседі.

 

Қазақстанның медиа нарығында спорттық жаңалықтарды жарыққа шығарумен айналысатын бірнеше ғана онлайн және баспа қорлары бар. Бірақ қоғамдық-саяси басылымдардың көпшілігінде спорт тақырыбына арналған бөлімдері бар.

 

¦РTАTВ¦¦¦- ¦Ч¦-¦¦TГ¦-¦¦¦-¦-¦-¦-.jpg


Lenta.ru және Gazeta.ru «Спорт» бөлімінің бұрынғы басшысы, қазіргі уақытта BSRussia жағалау футболы туралы ақпараттық қордың бас редакторы Артем Загуменнов өзінің Huawei Media Hub аясындағы онлайн мастер-класында осындай редакцияларды құру және дамыту, спорт жаңалықтарына аудиторияны тарту жолдарымен бөлісті.

 

Ол өз сөзінде редакторлар үшін Data Driven әдісінің маңыздылығын және медиаталдаудың маңыздылығын баса айтты: “Қызықты дерек қосып, оны тақырыпқа шығаратын болсақ, әрбір жаңалықты тартымды етуге болады”

Сонымен қатар, ол спортшылардың цитаталары бар жаңалықтарды және спортшылармен сұхбаттарды жазғанда әдептілікке көп мән беру керектігін ескертті: “Егер адамға зиян әкелетін болса, толқып тұрып, сезімге салына айтқан сөздерді басып шығарамын деп бір сәттік атақтың артынан ерудің жөн. Спорт - адреналин, кейде ақылға бой бермейтін жарқын эмоция”

 

Редакцияның, әсіресе, онлайн-редакцияның жұмысы тәулік бойы жүргізіліп отыруы тиіс, бұл жұмыс материалдарды сайтқа шығарумен ғана шектелмейді, мұнда Telegram және өзге әлеуметтік желілердегі жаңа ақпараттарға мониторинг жасалып отыру керек. Спикердің пікіріне сүйенетін болсақ, бүгінгі таңда Telegram кез келген салада көкейкесті ақпарат алғаш болып жарияланатын әлеуметтік желі болып табылады: “Сізге материалды беттеуге, мәтінді бекітуге, бильд-редактордың қажетті суретті табуына көп уақыт жұмсау қажет емес. Сіз ақпаратты осы уақытта осы жерде жариялай бересіз”

Осы ретте Артем сыни ойлай білу және ақпаратты тексерудің маңыздылығын атап өтті, себебі түрлі инсайдерлердің Telegram-арналарының танымалдығы артқан сайын жалған ақпарат саны да арта түсті.

 

Huawei компаниясы спортпен айналысуға арналған ақылды құрылғылардың өндірісі бойынша әлемдегі көшбасшы бола отырып, салауатты өмір салтының маңыздылығын анық түсінеді және өзінің ғаламдық міндеттерінің бірі – адамның физикалық күйін барынша бақылауды қамтамасыз ету және ол көрсеткіштерді жақсарту деп біледі.

 

Өткен шара аясында компания дизайны жетілдірілген және автономдылығы 2 аптаға дейін ұзартылған жаңа HUAWEI WATCH GT 3 ақылды сағатын ұсынды, бұл сағат денсаулық жағдайын және спорттық жетістіктерді күн сайын асқан дәлдікпен бақылауға қабілетті.


HMB_Gt3_.jpg

 

HUAWEI WATCH GT 3 сағаты 100 астам жаттығу режимін, оның ішінде 18 кәсіпқой режимді, таза ауадағы жаттығудың 12 түрін (жүгіру, жүру, тауға өрмелеу, саяхаттау, ойлы-қырлы жерде жүгіру, велосипедпен жүру, ашық суда жүзу, триатлон, шаңғы тебу, сноуборд, жүгіру шаңғысы және гольф) және  үй-жайда жасалатын алты түрлі жаттығуды (жүру, жүгіру, велосипедпен жүру, бассейнде жүзу, еркін жаттығу, эллипстік жаттықтырғыш және ескекті жаттықтырғыш) ұсынады.

 

«Жүгіру бойынша ақылды жаттықтырушы» қызметі апта сайынғы жаттығу жоспарын орындау барысында жаттығулар режимін түзетіп отыруға және пайдаланушы ағзасының спорттық белсенділікке деген көрсеткіштерін ұдайы бақылап отыруға көмектеседі. Сондай-ақ, бұл сағат тамыр соғуының жиілігі, қарқыны және өзге көрсеткіштер туралы деректер негізінде жүгіріп жаттығудың өнімділігін көрсететін «Жүгіру индексін» (RAI) қадағалап отыруға қабілетті.

 

Жаңа сағат Қазақстанда сатылымға шықты. Қазақстанда сағат үш түрлі түсте ұсынылады:  «қара» (спорттық нұсқа 46мм және 42мм), «қоңыр» (классикалық нұсқа 46мм), «ақ» (классикалық нұсқа 42мм).

Huawei WATCH GT 3 сағатының 46 мм нұсқасының ұсынылатын бөлшек сауда бағасы 129 990 теңгені құрайды, 42 мм нұсқасындағы Huawei WATCH GT 3 бағасы 119 990 теңгені құрамақ.

24 желтоқсаннан бастап 4 қаңтарға дейін HUAWEI WATCH GT 3 сағатын сатып алғанда HUAWEI FreeBuds 4i құлаққабы сыйлыққа беріледі.



Ұқсас тақырыптар